» » Рухани жаңғыру:мұғалімдердің кәсіби байқауы

Рухани жаңғыру:мұғалімдердің кәсіби байқауы


Қызылордада TEDx форматында мұғалімдердің кәсіби байқауы өтті. Білім беру барысында технология, ойын-сауық және дизайнды байланыстыра білген ағылшын тілі пәнінің оқытушылары 3 кезең бойынша сынға түсті, деп хабарлайды 24.kz  телеарнасы.
Мұғалімдер алдымен тест тапсырып, сонан соң үздік шеберлік сабақ сатыларында білім-білігін дәлелдеді. Соңғы кезеңде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың өзіндік жаңа ізденістерін TEDx әдісінде қорғап шықты. Тағылымды шараға Елбасының
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы арқау болған.
 - Жыл сайын республикалық олимпиадада біздің оқушыларымыз ағылшын тілінен алдыңғы орында келе жатыр. Енді бұл заман талабы деп білеміз. Осы мемлекеттік стандартқа сәйкес, біз оқушыларымыздың тіл меңгеруін ұштай береміз, – дейді №2 «Мұрагер» мектебі директорының орынбасары Айгүл Өткелбаева.

Аlashinform.kz сайтынан алынды

15 желтоксан 2017 ж.1 5520