» » Жылқы – малдың патшасы

Жылқы – малдың патшасы


Жылқы – малдың патшасы
                                     
Зерттеуші:
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақатарал ауданы
А. Қалыбеков ауылы
«Үлгілі» жалпы орта мектебі
Зертеуші: 4 «Ә» сынып оқушысы
Мыңбосын Аслан
Жетекшісі: 4 «Ә» сынып жетекшісі
Мамытова Хайриниса Турназаровна
          Бұл ғылыми еңбекте төрт түлік мал туралы соның ішінде жылқы малы  
туралы  мәселе қаралған.  Сонымен қатар төрт түлік малдың адамзатқа пайдасы мен ерекшеліктерін зерттеді. Еті - жесең тамақ.  Сүті – ішсең сусын. Жүні - кисең киім. Терісі - байлық. Сүйегі, мүйізі - тұтынсаң бұйым. Мінсең - көлік. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Міне, осы жайларды оқып үйрене келе әсіресе жылқы малына қатысты көптеген қызықты деректер мен ата-бабамыздан қалған мақал-мәтелдер мен би-шешендердің нақыл сөздерін жинақтады. «Ат – ер қанаты» дейтін қазақ халқының жылқымен етене жақын екенін, қазақ  ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне тамырлас та тағдырлас айтылатынын осы жобада зерттеп үйренді.  Дана халқымыз үшін жеті қазынаның біріне жататын жылқының қасиеттерін терең зерттеді. Оның жасына қарай атауларын, сипаттары мен түр түсін ажырату үшін көп еңбектенді. Жылқы қашаннан адамзатпен бірге. Мереке – қуанышта, қайғы – қасіретте, небір ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі, айырылмас досы болғандығын айта келе  қазақ халқының ұлттық спорттық ойындарында да алатын орны ерекше екендігін ашып көрсетті. Бұрын ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын ерекше дәріптеп, бағалаған. Айт, ас тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние тігілген. Тіпті, бас бәйгеге елу бие, ақ отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе, жабулы қара нарға қалы кілем иеленіп, аты озған зор олжаға ие болады. Халық жылқыны жоғары бағалап, жүрісін де жіктеген.
      Сонымен бірге жылқының қымызының адамзатқа пайдасын, оның ерекше емдік қасиеттерін зерттеді. Қымыздың түрлері, ондағы түрлі дәрумендердің адам ағзасына әсерін, жәнеде қымыздың жануарлардың ауруына да ем екенін дәлелдеді. Ат әбзелдерінің атаулары мен атқаратын қызметтерін де зерделеп шықты. Жылқы малын зерттей келе өз шығармашылығынан «Жылқы қалай адам серігіне айналды?» атты ертегі жазып, өтірік өлең құрастырды
          Жұмыстың мақсаты:   «Жеті қазынаның бірі жылқының» ерекше қасиеттерімен таныстыру, жылқы туралы түсінігін кеңейту, жылқы асыл мал екенін айта отырып, жылқы жануарына деген сезімдерін ояту, жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындыру, халқымыздың жылқы малына қатысты салт - дәстүрлеріміздің орасандылығын көрсету.
02 желтоксан 2017 ж.6600