» » ӨНЕРІМІЗ САҒАН – ҚАЗАҚСТАН

ӨНЕРІМІЗ САҒАН – ҚАЗАҚСТАН

Баймырзаева Зухра Болсынбекқызы
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында
«Сәндік қолдаңбалы» үйірмесін жетекшісі


 Өмірлік ұстанымы:
  Ойыннан жеңілсемде, өмірден жеңілмеу                

            Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның өнер жайында мағлұмат бере отыра, өнер шежіресінің тарихын дамыту.
Әдісі:  Кіріспе сөз.
            Пайдаланылатын көрнекіліктер :  Актывый зал, экран, мольберт, стол, би және ән үйірмесі. Сабақ барысы:  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы құтты болсын . Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.  
          Қайсарлықтарымен қанаттары қайыспай тәуелсіздігін алу үшін, елі, жері үшін қан төгіп, жаның берсе де аянбады.  1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікті алу үшін қатысқан.  Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.Сол күні әлем көгінде Қазақстан Республикасы жаңа жұлдызы жарқырай туды», - дей келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өтті. Барлық құқықтар қорғалған. Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.
          Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың
ұрпақтарысыңдар.  Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақ -тың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
         Қазақстанның экономикасы дамыған сайын, өнері де даму үстінде. Айта кететің болсақ алда келе жатқан ЭКСПО 2017жыл көрмесіне дайындық қарқынды жүріп жатыр.  
          Міне осыған орай «Өнеріміз саған - Қазақстан» атты сабағымызды бастай отыра, Н. Ә. Назарбаев Ұлттық мәдениетіміздің дамуына өзіндік үлес қосуға атсалысып «Мәдениет - елдің ең асыл рухани байлығы, асыл мұрасы» - деп  2013 жылы 22 қарашада  № 698 құжат бойынша 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні деп бекітілді. «Шабыт» фестивалі, «Шебер» орталығы, «Бейсбековтер» галереясы т.б Қазақстанның әр аумақтарынан өтіп жатқан өнер байқаулары жүріп жатыр. Тіптім шет ел мемлекеттеріне де Қазақстанның өнерін паш етуге де жағдай жасалып жатыр.
          Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жандүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер шежіресі  – түрге бөлінеді. Біздің сабақта айтылатың өнердің түрі:  Бейнелеу және Қолөнер.
Бізге екі өнерді де жақсы білу керек. Әуелі бізге фантазия керек. Қолөнерін жасау үшін сызбаны меңгеру қажет, ал бейнелеуді білу үшін қиялын ұшқыр, көзін көреген болу керек.
          Бейнелеуге мыналар жатады: Акварель, Брызга,  Граттаж, Графика, Грязаль, Монотипия,Монументальная живопись,  Менятюрная живопись, Станковая живопись,  Пастель,Фреска т.б.
         Қолөнерге  мыналар жатады:  Ағаштан жасалынатың бұйымдар, Батик, Басқұр, Гобелен, Гончар, Кесте, Керамика, Кілем, Қуыршақтар, Құрақ көрпешелер, Мода, Мултипликатор, Мүсін, Текемет басу, Торсық жасу өнері, Тоқыма өнері, Ши тоқу өнері.
          «Өсер халықтың қанаты - оның өнері» демекші Киелі – Шиелі өңірінен шыққан өнерлі тұлғаларды атап өтпесем, кейінгі жастардың білуі кемде кем. Қазақстанымыздың таза эколиялық өнімнен шыққан бұйымдарын мен тарихын, шежіресін бейнелеп шет ел мемлекеттерге көрмеге шығып, паш етіп жүрген өнер тұлғалары Аманкүл Ыханова, Сауле Бапанова, Әбілқасым Сарсенбаев. Бұл кісілер Алматыда Т. Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаз.
          «Ел іші – өнер кеніші» дегендей туған жердің өзінде, өнермен айналысып жүрген аға – апларымз бар. Айта кететің болсақ олар Әбілда Абызбаев, Болат Нүркеев, Зылиха Календарова, Айман Абилдаева т.б.
          «Еңбегінен ел таныр» дей келе аудандық «Наурыз шапағаты » атты алғашқы көрмеге қатысып бас жүлдеге ие болып Шиелі ауданын дүр сілкіндірдім. Содан бері талай облыстық, республикалық байқау, көрмелерге, семинарға, конференцияларға қатысып жүрдім.
          «Шәкірт жетістігі – ұстаз бақыты»  деп өзімді бір марқайтып қояр ем. Себебі талай шәкірттер тәрбелеп, оларға бар білгенімді жалықпай, талмай үйретіп келемін. Әр уақытта ізденізтің үстінде жүріп, жан- жақты жаңаша тәсілдерді пайдалана отыра, шығармашылықты дамыта келе балалардың көз қарасын және шабыттарың жігерлендіремін.
          «Мұғалімнің бүкіл мақтанышы шәкірттерінде, өзі шашқан ұрпақтарының өсіп өнуінде» дей келе бітіріп кеткен түлектірім өнерден алған тәжірибелерін өз беттерінше қолданып жалғастыруда. Соның бірін Бөрібай Ақбота қәзіргі уақытта Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Болашақ сәндік дизайнер.
          Мен қызмет атқарып келе жатқан «Арман» мәдениет үйіндегі «қолөнер – сурет» үйірмесін қатар алып жүргеніме 10 жылға да тақап қалыпты.  Жылдан жылға жаңа шәкірттерді өнерге баулып, оның қыр сырын көрсете отыра, тәсілдерін арттыра отра ЭКСПО 2017 жылға дайындықты бастапта кеттік.
              «Асыл тастан шығады, Өнер жастан шығады»
                 Балалардың шығармашылық жұмыстары:
Колөнерге – 3 бала; Суретке – 3 бала шығып өз өнерлерін көрсету.
                      
      «Жұмбақ жасырып ойнайық» 
                          Өнерге байланысты жұмбақтар.
    Оқушы бейнедегі суретті таңдау арқылы жұмбақтың шешуін табу
       1. Бір Мұрнында байлауы бар, адамның айдауы бар.        (Ине мен жіп)
       2. Бір тышқанда екі құйрық ...........(Ине мен жіп)                                     
           3. Жалғыз ғана көзі бар,
               Алтыннан белбеуі бар,
               Жыңғылдан таяғы бар.                       (Ұршық)
           4. Кішкене өзі, мың көзді ..............(Оймақ)
           5. Екі басты жалмауыз,
               Кейіп аузын ашады.                                                                                                              
               Алдына түскен нәрселер,  өзінен өзі қашады.  (Қайшы)
           6. Оны ағаштың басынан ізде.
               Түрлі түске  боянады күзде.  (Жапырақ)
           7. Жеміс деймін шіркін асыл.                                                            
               Іші қызыл, сырты жасыл.        (Қарбыз)
           8. Қызылы бар, сарысы бар.
               Құйрығы бұлғандаған.                                                                                        
               Түздің сондай тағысы бар.         (Түлкі)
           9. Бұйымдарды немен әшекелейді?  (Ою)
                          «Ми ойлағанды – тіл тыңдырады»
                            Мақал – мәтелдің
жалғасын айту
1. Өнер сыры ..................................................................өрнекте.
2. Өнерлі бала.................................................................сүйкімді.
3. Өнерді үйрен де........................................................... жирен.
4. Өнерсізден құт..........................................................қашады.
5. Ою ойған....................................................... сызу да сызады.
Сергіту сәті:  Би «Лезгинга» Абдуллаева Севиль
Қазақша ертегілер:    «Қалпақ шебері»
Қорытынды:   Ашық сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды  мараппаттау
Ән көңілдің ажары – «Егемен елі»
Орындайтыңдар: Алишер Хайруллаев, Айзере Серікқызы
Үйге тапсырма:   Оқушалрға «Өнерді үйренде жирен» дей келе үйірмеге  белсене қатысуына ықпал ету.
02 желтоксан 2017 ж.5220