» » Бақша дақылдарының зиянкестері және олармен күресудің қазіргі таңдағы жолдары

Бақша дақылдарының зиянкестері және олармен күресудің қазіргі таңдағы жолдары

   Насыр  Сымбат Зұлфыхарұлы-№195мектептің 5-сынып оқушысы
  Жумабекова Гулзира -№195мектептің биология пәні мұғалімі
                                                      
Жалпы бүгінгі таңда ел экономикасының ең бір маңызды да басты саласы ауыл шаруашылығы. Соның ішінде бақша дақылдарының шаруашылығы. Бақша дақылдары – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер тобы. Оған қарбыз,қауын, асқабақ жатады. Себебі, бақша өнімдері адамзатқа күнделікте дастархан басындағы тағам мен тіршілігі үшін қажетті витаминдер мен қоректі беріп отыратын негізгі көз. Сондықтан бақша дақылдарын олардың зиянкестерінен қорғау ауыл шаруашылығы мамандарының ең үлкен мәселелерінің бірі.
Ауыл шаруашылығы зиянкестерін зерттеумен айналысатын ғылымды энтомология деп атайды. Бұлнасекомдар туралы ғылым.(грек тілінде  энтомос – насеком, логос – ғылым.) Өсімдіктерді қорғау ғылыми негізделген шара ретінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру технологиясының құрамына кіреді. Қазіргі кездегі негізгі мәселе – ауыл шаруашылығы өсімдіктерінен тұрақты түрде мол өнім алу. Зиянкестердің әерінен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігі 10 – 20% азаяды, ал кейде өнім түсімінің болмауы да мүмкін. Зиянды жәндіктердің түрлері өте көп. Зиянды жәндіктермен күресті дұрыс ұйымдастыру үшін олардың түрлерін, биологиясын, олардың көбеюіне әсер ететін жағдайларды, мониторинг пен күресу шараларын жақсы білу қажет. Зиянкестерге қарсы тек улы препараттарды қолданудың кері әсері де бар. Сондықтан улы препараттарды пайдалану қазіргі уақытта арнайы ереже бойынша жүргізіледі. Оларды тек «Қазақстан Республикасы аумағында 2003-2012 жылдары пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер тізімі»(қысқаша «Тізім»...) негіздеме бойынша қолданылады. Зиянкестерге қарсы күресте агротехникалық (егу мерзімі мен себу мөлшерін сақтау.ауыспалы егістікті енгізу, топырақты өңдеу, тыңайтқыш қолдану, төзімді сорттар пайдалану және т.б.), биологиялық, физикалық, генетикалық,механикалық тәсілдерді де дұрыс пайдалана білу керек.[6]
                                             ,,                                                                                 
  Асқабақ– бір және көпжылдық шырмауық тұқымдастардың асқабақтар отбасына жатады. Олардың 20-ға жуық түрі бар, соның ішінде үшеуі бақша өсімдіктеріне жатады: ірі жемісті асқабақ, тығыз қабықты асқабақ (қарапайым асқабақ) және бұлардың бір түріне кәді мен патиссондар жататын жұпар иісті асқабақ болып табылады. Асқабақ сабағының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді, бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртшатүрін өзгерткен өркен, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімделген жай жапырақ. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлдер – ұзын гүл сағақтарда, аналық гүл қысқа гүл сағақтарда болады. Жатыны үзарып, төмен орналасқан. Сонда аталық гүлінің формуласы: Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0, ал аналық гүлдің формуласы: Т(5)К(5)А0Ж(3). Жемісі – қабақ. [1]
Бақша бітесі-Aphis gossypii Glov(Homoptera отряды,Aphididae тұқымдасы).Бұл жәндік қиярды ,асқабақты,патиссонды,кәдіні зақымдайды.Бақша бетінің ұзындығы -1,2-2мм ,түсі сарыдан бастап қара жасыл,тіпті қара болып келеді.Баланқұрттары сары және жасыл.Ересек бітелер немесе баланқұрттар сары және жасыл.Ересек бітелер немесе баланқұрттар арамшөптерде қыстайды. Көктемде 12 С температурада бітелер ұрықтанбаған күйінде көбейе бастайды, бастапқыда арамшөптермен қоректенеді, одан кейін екпе өсімдіктерге көшеді. Бітелер тобы жапырақтардың төменгі бетінде, өскіндерінде, гүлдері мен түйіндерінде орнығады да, олардың бүрісуіне, қатпарлануына және кеуіп қалуына әкеп соқтырады. Кейде жапырақтар бетінде, бітелердің тәтті шырынына күйе саңырауқұлақтары орнығады. [6]
Темекі трипсі- Thrips tabaci. Lind (Thysanoptera отряды , Thripidae тұқымдамасы) Темекі өсімдітерін,қозаны,қытай бұршағын,қиярды,асқабақты,пиязды,картопты ,гүлді және басқа да дақылдарды зақымдайды.Ұсақ зиянкес (ұзындығы 1-мм шамасында )ақшыл сары немесе қара қоңыр түстес.Дернәсілдері қанатсыз,ақшыл немесе қара қоңыр түстес.Дернәсілдері қанатсыз,ақшыл немесе жасыл сары түсті болып келеді.Ұрғашылары ұсақ қоңырқай жұмыртқалар салады,оларды бір –бірден жапырақ ұлпасы қабықшаларының астына орналастырады.3-5 күннен дернәсілдері шығып,жапырақтар мен гүлдің шырынын сорып алады.Осының нәтижесінде өсімдік өспей қалады.Бітелер өсімдік қалдықтарында ,пияздың құрғақ қабықшаларының астында,сондай-ақ топырақтың жоғарғы бетінде қыстайды.Бір ұрпақтың дамуына15-30 күн қажет.Темекі бітесі вирустық ауруларды таратушы болып табылады.
Басқа дақылдар сияқты қарбызға да әртүрлі зиянкестер мен аурулар түсіп, вегетативтік өсу кезіне, өніміне зиян келтіріп, өсірмей қояды. Ондай зиянкестерге:солдатик, құмырсқа, қарбыз шыбындары, шыртылдақ және қара қоңыздар жатады.
Солдатик. Ауылшаруашылық өсімдіктерін жартылай зияндандыратын құрт-құмырсқалар қатарына жатады, ол өсімдікті жартылай емес, түгелдей зияндайтын жәндік.
Ерте көктемде солдатик қоңызынан басқа құрт-құмырсқалар көрінбейді. Денесінің ұзындығы 0,7 см, ені – 0,5 см, мөлшерде. Көктемде ауа райының жылылығы 3-6 градус болғанда жер бетінде тіршілік ете бастайды. Жыртылған жерде басқа көк шөптер болмағандықтан, қарбыздың көгімен қоректенеді. Ол өсімдікті алғашқы шыққан кезінен бастап жапырақтану кезеңі аяақталғанға дейінгі аралықты зақымдайды. Ерте көктемде майда кесектер, шөп-қиқымдар арасына, ылғал топырақта жұмыртқа салады. Жұмыртқасының түсі ақ, майда болып келеді. Жетілген дернәсілдері қарбыздың жапырақтарымен қоректенеді. [5]
Құмырсқа. Өсімдіктерді зиянға ұшырататын құмырсқалардың бірнеше түрлері бар. Соның ішінде қарбызды көбірек зияндандыратыны қоңыр түсті, қызыл қоңыр мойынды бау құмырсқалар. Олар егістік далалық, шабындық жерлерде тіршілік етеді. Қарбыз тұқымы өніп шыққанда, оның жапырақ алақандарын, тамыр мойындарын қиып қоректенеді де, өсімдіктің шығымдылығын төмендетеді. Құмырсқа пайдаланған аналық гүлдер өспей солып қалады. [6]
Қарбыз шыбындары. Шыбындар бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде үй шыбындарынан кішілеу солғын боз түсті, жасылдау келген шыбындар қарбыздың зиянкесі. Бұл шыбындар жабайы шөппен қоректенеді, үйір-үйір болып ұшып жүреді. Олар шілде айының екінші, үшінші онкүндігі мен тамыздың бірінші онкүндігінде қарбыздың жапырақ алақандарына жұмыртқа салып дамиды. Бұған дейін шалғын шөпті жерлерде қамыс, мия, шырмауық, жантақ және басқа арамшөптердің жапырақтарына жұмыртқа салып, өсіп жетіледі. Жұмыртқаларын жабайы өсімдіктердің жапырақ алақанының астынғы бетіне салады. Өйткені олардың жұмыртқаларының дамуы үшін күн түспейтін көлеңке керек, ал күн түсетін ашық жерде айтарлықтай жақсы өсе алмайды. Қарбыз шыбындары түскен жапырақ алақандары бүрісіп, көп кешікпей қурап қалады. Бір жаздың ішінде бір шыбын 3-4 рет жұмыртқа салып, өсіріп шығарады. Күзде пайда болған дернәсілдер ауа райы салқындап, толық дамуға мүмкіндік болмағасын топырақ ішіне 4-13 см тереңдікке еніп, келер жылғы көктемде толық дамыған қарбыз шыбыны болып шығады. [4]
                                                                                                                                         
Шыртылдақ және қара қоңыздар. Бұл – қарбыздың дамып өсуіне мұмкіндік бермейтін зиянкестердің бірі. Шыртылдақ қоңыздың түсі ашық қоңыр, аяғы қысқа, денесі сопақтау, ұзындығы 7-9 мм мөлшерінде болады. Тіршілік әрекеттерін мамыр айынан бастап, тамыз айының аяғына дейін жүргізеді. Мамыр айының басынан маусымның басына дейінгі аралықта шыртылдақ қоңыз 8 см тереңдікке дейінгі бос топырақ арасына 150-200-ге дейін жұмыртқа салады. [5]
Қара қоныздар күзде топырақ ішіне еніп, күн жылынса, топырақ бетіне қайта шығып, тіршілік етеді. Бұлар қарбыз жапырақтарымен қоректенеді, қарбыз жемісінің ішіне тесіп кіріп, өнімнің сапасын төмендетеді. Сыртқы қабығы зиянданған қарбыз пайдалануға жарамайды.
Денесі қара қоңыр түсті, қанатының үстінде майда түйір-түйір төмпешіктері бар. Қоңыздың ұзындығы 7-10 мм, үстін топырақ басқан кезде сұр түсті болып көрінеді. Дернәсілдері күңгірт сары түсті, басы, кеудесі қара, денесінің төменгі жағы сары, аяқтарының ұзындығы 15-18 мм.
Қара қоңыз наурыз, сәуір айларында жабайы арамшөптермен жүгері, кұнбағыс, мақтамен қоректенеді. Күндіз өсімдік қалдықтарының астында паналап, түнге қарай тіршілік етуге шығады. Ұрғашы қара қоңыз топырақ арасына жүзден астам жұмыртқа салады. Мамыр, маусым айларында топырақ ішіндегі қарбыз тамырларын қиып, сонымен қоректенеді. Қара қоңызбен оның дернәсілдері жетілгенен кейін өсімдіктерді көбірек зиянға ұшыратады. Тамыз, қыркүйек айларында топырақ ішіне салған жұмыртқалары қыс бойы дернәсіл сатысына жетіліп, ерте көктемде тіршілік әрекетіне кіріседі. [2]
Бақша жабысқақтары. Бұл зиянкестер бақша өсімдіктерінің ішінде қарбызды көбірек зиянға ұшыратады. Жабысқақтар сарғыш, көкшіл, қара, қоңыр түсте болады. Құйрықтарының ұшы жіңішке түтікше тәрізді. Денелерінің ұзындығы 1,2-2,1 мм. Дернәсілдерінің түсі сарғыш, көкшіл, қоңыр сұр түсті болады. Толық дамып жетілген жабысқақтар мен олардың дернәсілдері аузындағы сорғыш мүшесі арқылы өсімдік клеткаларындағы ылғалды сорып алу арқылы зияндайды, сөйтіп өсімдіктің дамып өсуіне мүмкіндік бермейді. Бақша жабысқағынын зиянданған өсімдік мүшелері біртіндеп сарғыш тартып, содан сарғайып, ақырында қурап қалады.
Бақша жабысқақтары Қазақстанның оңтүстік облыстарында көптеп кездеседі. Жабысқақтардың қарбыз үшін өте зиянды кездері маусым, шілде айлары, басқа кезде оның тигізетін зияны айтарлықтай болмайды.
02 желтоксан 2017 ж.1 1840