» » Ата тағылымы-өмір мұраты

Ата тағылымы-өмір мұраты

№61 орта мектеп, Арал ауданы
Жетекшісі: Шыналиева Күлшара Абилтаевна, тарих   пәні мұғалімі,  №61 орта мектеп, Арал ауданы
Ибрагимова Назерке Еркінқызы, 7-сынып оқушысы,  №61 орта мектеп, Арал ауданы.
Ғылыми жетекшісі: Жетесова Жанар Алмасқызы, Қ.Жұбанов  атындағы өңірлік мемлекеттік
университеті шетел тілдері факультеті  аударма ісі кафедрасының оқытушысы,педагогика және психология магистрі
                                                                                  
Ата тағылымы-өмір мұраты
                     «Ат  қалдыру туралы ғой әңгіме,
                      Адам емес- аты өлмейді мәңгіге,
                      Тірі адамға керек ізгі қасиет,
                      Саған келіп барлық нәрсе бас иеді»-дегендей  Нағашыбаев Ибрагим ата да жарты ғасырдай өмірін теміржол саласына арнап,  құрметке бөленген,қарапайым еңбек адамынан ел мақтанышына айналған  тұлға болған. Ибрагим ағай 1930 жылы  Қызылорда облысы,Арал ауданы, Жақсықылыш  ауылында  дүниеге келген.Ұлы Отан соғысының аяқталған тұсында,1948-1951 жылдар аралығында уақытша мал қабылдау пунктінде жұмысқа тұрады. Сол жылдары  Арал қаласының шығыс бөлігінде  бақташы болып жұмыс жасайды. 1951 жылы  қыркүйекте Алматы  қаласында  өз білімін жетілдіріп, 1952 жылы  қазанда курсты аяқтап, Арал ауданындағы  мал өсіру пунктінде тазалықшы болып  жұмыс атқарады. 1953 жылы  маусымда  мал дәрігері болады. 1956 жылы  Қазалы  дистанциясы  жол  бойында  жұмысқа орналасады. 1961 жылы  сәуірде ерен еңбегі  үшін  «Құрмет  грамотасымен» марапатталады.  1962 жылы мамыр айында табельщик болып қызмет  атқарады. Ибрагим ағай зейнеттік  демалыс жасына дейін қызмет атқарады. 1987 жылы  шілдеде    теміржолшылар мерекесі  қарсаңында «Құрмет  медальмен» марапатталды.   Аралқұм ауылының батагөй ақсақалы Нағашыбаев Ибрагим ата жарты ғасыр уақыт теміржол саласының нағыз майталманы болып,еңбектерін жас буын өкілдер қауымы пайдаланып жүрген тәжірибелі мықты тұлғалы адам болғанын онымен қатарлас қызмет еткендердің көзі тірілері әлі ұмыта қойған  жоқ. Өз балаларын және жас буын өкілдерін қоғам талабына сай деңгейде оқытып,адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге,өз дәрежесінде талап қойғандығын естеліктерінен аңғаруға болады.Ибрагим ата өте кең пейіл ашық-жарқын адам болған.Ибрагим атаның айтып отыратын мына бір сөзі есімнен кетпейді:«Менің мақсатым жетістікке мақтанбай, үнемі білімімді жетілдіріп, ұрпақтарымның бойына ел тарихын зерделей отырып,адамгершілік,ізгілік,қамқорлық жолын нұсқап, өз елін,жерін сүйетіндей етіп тәрбиелеу керек» дейтін.            
 Кезінде даңқы дүрілдеп тұрған, еліміздің астанасы болған, күріші-ел
  ырысы болған, бұл өлкенің қазақ атаулыға ыстық көрінетіні де бізге түсінікті.Сыр елі-жыр елі,-деп жырлаған топырақ рухани құндылықтардан да кенде емес.
    Нағашыбаев Ибрагим ағай бұл жердің экономикалық қиыншылықтары мен экологиялық қасіретін жанашырлық көзбен қараған адам.
     Ел ауызында Адамның басшысы-мінез, сынаушысы-халық деген тағылымы терең тіркестер бар. Адам бойынан табылатын жақсы қасиеттер мен жайсаң мінез де осы ағайдың бойынан табылды.Себебі, өскелең ұрпаққа бар жақсылықтың нұрын себетін, балаға ғылым негіздерінен мәлімет беріп, өмір сүруге үйрету оңай шаруа емес.
Ата тағылымы
       Салмақты, салиқалы өнегеңіз,
       Ғанибет, ғаламат еді еңбегіңіз.
       Өлмейтін еңбегіңді дәріптейміз,
       Өнеге өміріңе еліктейміз 
       Жас ұрпаққа қызмет еттің талмастан,
       Бар күшіңмен еңбек еттің тынбастан. 
       Мәртебеңді биік ұстап әрқашан,
       Ұрпақтарың жалғап келеді тынбастан.
 
Баланың қиялына қанат бітіріп,ойын өрістетіп,шабытын шарықтататын, аңсаған арманына жетелейтін жанашыры ақылшысы. Ибрагим ағайдың өмір сүру ортасы өте күрделі өңір болса да,дархан коңілді, барынша ұстамды, аса төзімді, туған халқының жақсы қасиеттерін бойына дарыта білген талантты тұлға, кемеңгер болғандығын мақтан тұтамыз.Серікбай атамыз бен Ақбибі анадан  Ибрагим аға болған.                                   Ибрагим атадан өрбіген ұрпақтары да өзіндік өмір жолын таңдап, ұрпақтар сабақтастығын  жалғаған жандар.Ағай мен Ақбике анамыздың тұңғыш ұлы Ибрагимұлы Өмірбай 1951 жылы 21 желтоқсанда туған. Атырау облыстық сотының төрағасының орынбасары. Екінші ұлы
Ибрагимұлы Өтеген 1955 жылы 1 қаңтарда туған. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы “Өзен мұнайгаз” компаниясының бас инженері.Үшінші ұлыИрагимұлы Аралбай 1956 жылы 4 желтоқсанда туған. Ақтау қалалық соты төрағасы. Үлкен қызы Ибрагимқызы Мейрамкүл 1959 жылы 20 қарашада туған. Ақтөбе қаласы мұғалім.Төртінші ұлы Ибрагимұлы Мейрамбек 1960 жылы 4 қарашада туған. Орал облыстық апелляциялық сот алқасының төрағасы. Кіші қызы Ибрагимқызы Бибіхатша 1963 жылы 21 қаңтарда туған.Қызылорда қаласы мұғалім.Бесінші ұлы Ибрагимұлы Ерлен 1965 жылы 17 ақпанда туған. Арал аудандық адвокаты.Алтыншы ұлы Ибрагимұлы Ербол 1969 жылы 21 қаңтарда туған. Алматы қаласында  кәсіпкер. Жетінші ұлы Ибрагимұлы Еркін 1971 жылы 9 шілдеде туған.  Аралқұм ауылында мұғалім.
                        ІЗДЕНГЕН ЖЕТЕР МҰРАТҚА

     Асыл бейнелі азамат болатын.
 Рухы таза,ой-өрісі биік жан.Қазіргі таңда білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру өзекті мәселе болып отыр.Оны шешудің кілті-бірліктің қолында.Егемен еліміздің тізгінін ұстайтын ұрпақ  тәрбиелейді.
    Біздің данагөй халқымыз:  «Ақынның хаты,жақсының  аты өлмейді»,-дейді.Біз бар өмірін ұрпақтың саналы тәрбиесі мен адамгершілік қасиеттерін  сіңіруге арнаған  Сыр өңірінің сұңғыла перзенті, әлі күнге дейін әкемдей көретін аяулы жан тұлғалы  азамат Нағашыбаев Ибрагим туралы ой толғамақпын.Ибрагим ағайдың маған әкемдей болып кетуінің басты себебі мынау еді. Ибрагим ата өзінен кейінгі  ұрпақтарға ақыл кеңесін беретін.
    Ибрагим  атаны аяулы азамат еді деуімнің себебі,біз оқып жүргенімізде оқып жатқан жерімізге келіп, сабақтарыңды жақсы оқыңдар, сабақты жақсы оқысаңдар,үлкен азамат болып қалыптасасыңдар деген әкелік ақылын айтып, бар мейірімін төгуші еді.Сондықтан да мен,әке орнына әке болуға тұрарлық бұл адамды «Асыл  бейнелі азамат» деуімнің басты себебі  осында дер едім.Асыл бейнелі азамат Ибрагим аға туралы кітапты баспаға әзірлеген, Нағашыбаев Ибрагимнің өмір жолы мен қызметін зерттеп,қағазға түсірген зерттеуші- тарихшы ұстаз Шыналиева Кулшара екен.Бұл Ибрагим ата туралы естелік кітапта ағаймен қызметтес болған ардагер аталар, аға өмірін жалғастырушы балалары мен немерелерінің әке туралы ойлары түсіріліпті. Халқымыз өзінің ұл-қызын сәби кезінен-ақ үлкенді сыйлауға, жақсылықтың қадір-қасиетін түсінуге, обал-сауапты ойлауға тәрбиелейді.Содан мына қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда қазақ баласы үшін сыйластықтан артық бақыт жоқ. Алайда, өскен ортасында алған тәрбиесінің, ақыл-парасат, ой-өрісінің деңгейіне, өмірде көрген қиындықтары мен тартқан қайғы-мұңының әсерінен дүниетанымының, көзқарастарының өзгеруіне байланысты кейбір адамдардың мына жалған фәниде ағайынның, жақсы-жайсаңдардың қадір-қасиетін түсінбейтінін, көп нәрсеге мән бермейтінін де көріп жүрміз.
     Құдайға шүкір,Ибрагим ағамыз бар ағайын-туысқа, жақын-жуыққа және балалары мен немерелеріне өзінің жақсы мінез-қылығымен көрініп қана қоймай,өзін де сыйлата білген жан.                                                           «Жұлдыздар  алыстаған сайын жарқырап  көрінеді»,-дегендей,Ибрагим аға мінезі жұмсақ, ашу-ренішті білмейтін тек ағалық ақыл-кеңес беруден танбайтын жан еді. Ибрагим ағайдың  шәкірттерінің бәрі бүгінде үлкен бір ұжым басқарып отырған тұлғалы азаматтар көрінеді.Олар Ибрагим ағай туралы жақсы пікірлерін әлі күнге дейін ауыздарынан тастаған емес.
Әкеме
Арайлап таң атады,                                      Кейінгі күнге қалды,    
Күмілжи күн батады.                                   Керемет балдың дәмі.
Ойға алсам сені әке,                                     Болмайды-ау бірақ әке,
Жүректі мұң басады.                                   Өмірдің сенсіз мәні.
Сарғайдым сағынумен,                                Тосамын арайланған,   
Өзіңе табынумен.                                          Күндердің аппақ таңын.
Көрсетіп келген сен ең,                                Жылжыған уақыттан,
Өнеге істер кілең.                                          Ұғамын өмір заңын.
                          
               Естен кетпес есім    
                                                        
  Ойлана қарасаң-биіктей береді,
Үңіле қарасаң-тереңдей береді.
Қол созсаң-қарсы алдыңда,
Айналсаң-артында тұрады.
Осы сөздер Ибрагим атаға арналып тұрғандай.
сынақ алаңынан шыңдалып шығуы тиіс.   Естелік-жады мұрағаты.  
                   Имандылық ғибраты.

Аралқұм,Аралымның бөлшегісің ,                                                                             Сан ұрпақтың өмірлі өлшемісің,                                                                                 Ислам ұлағатын дәріптейтін,                                                                               Ибрагим мешіті халқымыздың төріндесің.
 
Ел емендей иілді.Қарашаның алғашқы таңы Аралқұм ауылына нұрын төкті. Ибрагим мешітін ойдағыдай етіп сомдаған сәулетшісі Көпбол мен орындаушы шебер Әбілхан бастаған ақтаулық майталмандардың мінсіз қызметіне жиналғандар бәрекелді десті. Бес ай бойы имандылық ғимараты құрылысына атсалысқан жақын-жуық, ауылдастардың да еңбегі қайтты.Көкке  ұмсынып,қос күмбезімен бұлтқа наз тастаған тамаша құрылыс Ақтаудың ұлу тасымен өзіндік сәулет туындысына айналған.Он алты ойым тік терезелерден төгілген күн сәулесі мешіттің намазхандарға арналған орталық бөлмесін табиғи жарықпен толық қамтамасыз етеді.Ұшарланып түйіскен шаңырақтан ғибадат үні жаңғырық таратады. Ислам ұлағатын дәріптейтін Ибрагим мешітіне тағзым ишаратын жасауымен кейінгі буынға ізгілік үлгісін тастайды.Халықтың ыстық ықыласы айрықша толқытқан Ақбике ананың 60 жылға  жуық отасқан өмірлік серігі Ибрагим ата рухына тағзым мінәжатын жасап,жанарына үйірілген қуаныш жасын ауырдастарымен бөлісуі  баршаны тебірентті.Төғыз перзенті соншама қалада өсіп-өніп, қырыққа жуық немере құшағын қыздырған Ибрагим Нағашыбаев сірә да армансыз адам.Өмірден өтер алднда шөпшегі Бек есімді ұрпақ жалғастығының қолынан су ішіп, мейір қандыруы адами қанағат өнегесіндей.«Аллада адамдарды алалау жоқ!»- деп жүрек қақпасын айқара ашатын иман назы Ибрагим мешітінде алғаш оқылған Құран-Кәрім дұғасынан сауап тапты.Аспанмен таласқан имандылық ордасымен ауыл сәулеті шырайлана түскенін әркім-ақ өзіне теліп, осынау нұрлы бастамаға ортақтас болғанын мақтаныш тұтар еді.      
                               
02 желтоксан 2017 ж.5550