» » Өрт - тілсіз жау

Өрт - тілсіз жау


«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Балауса» балабақшасы» МКҚК
Тәрбиеші: Жалғасбай Жанар Досқалқызы
Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Өрт - тілсіз жау
Мақсаты:
Балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру.
Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру.
Өрт және жер сілкінісі болған жағдайда өздерін қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: өрт қауіпсіздігіне байланысты картинкалы суреттер
Сөздік жұмыс: өрт,қауіпсіздік ереже
Шаттық шеңбері
Армысың шапағатты күн ана
Армысың қайырымды аспан ана
Армысың мейірімді жер ана
Құтқарып бәрінен де жарылқа
Здраствуй солнце золотое
Здраствуй небо голубое
Здраствуй ветер ветерок
Здраствуй мой дружок
Good morning, good morning
Good morning, to you
Good morning our teaher
We are glad to su you
Жұмбақ
Есіктен кіреді
Тесіктен шығады
Оттың пайдасы.
От бәрімізге қуат беріп,бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ.
От жағылмаса тамағымыз да піспейді, үйіміз де жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді.
Оттан –өрт қаупі шығатынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе жауапкершілігіміздің жоқтығынан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.
«Өрт - тілсіз жау» сурет көрсетіледі
Шырпымен ойнаса
Үтікті қосып кетіп қалса
Мақал-мәтел
Отпен ойнама күйерсің
Ойын түбі от
Отын деген шөп болар
Жинай берсең көп болар
От жақпа-пісерсің
Ор қазба-түсерсің
Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, өрт қауіпсіздігін дұрыс сақтамағаннан болады.
Көрініс : «Отпен ойнама күйерсің»
Әсет:
Ойын түбі от
Мейіржан бала бір күні
Көріп қалды шырпыны
Қолына алды шырпыны
Мейіржан:
Кірпішекті шырпымен
Өртейін мен,жағайын
Лап етіп кірпі жанғанда
Қызыққа мен батайын
Жаннұр:
Сөйтті дағы
Кірпінің жанына барып
Шырпыны лезде алып
Тұтатқанда кірпіні,
Бара жатты жанып
Мирас:
Жанталасты байғұс кірпі
Ауладағы мая шөптің
Арасына барып кірді
Шөп тұтанып лаулап жанып
Жұрттың бәрін дүрліктірді
Данара
Қатты састы Мейіржан бала
Өртке оранып мая кетті
Көрші үйдегі құрбысына
Болған жайды баян етті
Мейіржан:
Кірпіменен ойнағанмын
Не боларын ойламадым
Өкінгеннен қандай пайда
Енді қайттім қиналамын
101 ге хабарласу
Ерасыл:
Алло, алло өрт сөндірушілерме? Ойын алаңында өрт болып жатыр , тез жетіңіздер.
Нұржан :
От жақпа күйерсің
Өртеніп жүрерсің
Сіріңкені ұстасаң
Бәлеге сен түсерсің
Оттың ісі қуырмақ
Желдің ісі суырмақ
Қазыр жанған олыңды
Алып ұшып қумақ
Мейіржан:
Кешір досым,қателестім
Шырпыны ұстап көктемеспін
Ата-ананың рұқсатынсыз
Сіріңкеге беттемеспін
Балалар өртті болдырмауымыз керек. Апатты жағдайлардың түрлері көп
(слайд көрсету)
Сергіту сәті: «Дабыл қағылды,жер сілкінгенде»
Күн ,бұлт,жаңбыр, кемпірқосақ
Үш тұғырлы тіл
От-огонь-Fire
Жер сілкінісі-землетресение-earthguake
Қауіп-қатер-опасность-danger
Ойын: «Болады-болмайды»
Ойын шарты: Қолдарыңа бағдаршамды алыңдар. Қызыл түсті болмайтын жағдайда көтересіңдер, жасыл түсті болатын жағдайда көтересіңдер
Өрт болғанда «101» нөмеріне қоңырау шалуға.............
Жанып тұрған сіріңкені тастауға.................
Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға................
Өрт кезінде төсек астына,шкаф ішіне тығылуға................
Өрт шыққан жерде қалуға....................
Өрт кезінде есік,терезені ашуға.....................
Басымызды, бет-аузымызды ылғал сүлгімен орауға....................
Өрт кезінже жарға, еденге су шашуға................
Лифтіні пайдалануға..........................
Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын тыңдауға...................
Көршілерден көмек сұрауға..............................
Өрт кезінде газды,жарықты, тоққа қосылатын құралдарды қосуға..............
Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды. Бүгін оттың сендер дос та,жауымыз да болатынына көз жеткіздіңдер.
Естеріңде болсын: Отпен ойнама күйерсің.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Өрттің қауіпсіздігі туралы мағұлматтарды;
Меңгереді: өрт сөндірушілердің қызметін
Игереді: оттың ерекшелігін және олардың пайдасын
15 қазан 2018 ж.9690