» » Өсімдіктер әлемі

Өсімдіктер әлемі

«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Балауса» балабақшасы» МКҚК
Тәрбиеші: Бекмагамбетова Шолпан Байжомартовна
Білім беру саласы: Әлеумет
Оқу қызметі: Экология негіздері
Тақырыбы: Өсімдіктер өмірі
Мақсаты:
Білімділігі:Өсімдіктер туралы білімін жүйелеу. Өсімдіктердің құрылысы туралы білімін қалыптастыру.
Дамытушылығы: сөздік қорын молайту, қызығушылықты,салыстыруды,қорытынды жасай білуді дамыту.Балалардың дәлелдей білуде өсімдіктер туралы білімін қолдануын бекіту.
Тәрбиелігі: табиғат әлеміне қызығушылығын арттыру. «Жер бетінде біз бір-бірімізге керекпіз деген экологиялық санаға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бөлме өсімдігі, жасанды гүл,слайд көрсетілімдері, тамыры жоқ ағаштың үлгісі,тақта, топырағы бар ыдыс,бояуы бар су құйылған тәрелке,дәкеден жасалған өсімдік тамырының үлгісі, өсімдіктердің бөліктері суреттер.
Үш тұғырлы тіл:Табиғат-природа- the nature,өсімдік- растение- the plant,ағаш-дерево-tree
Оқу қызметінің кезеңдеріПедагогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы лық Шаттық шеңбері:
Балалар бүгінгі күн ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр олай болса қонақтармен сәлемдесейік.  3-тілде.
Ауадан куат алайық,

Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық..
Күннен шуақ алайық,
Алақанға салайық.
Күннің шуағын апайларға сыйлайық.
-Балалар шеңберге тұрып, қимылмен жасап көрсетеді.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістікТәрбиеші: -Балалар, табиғатсыз адамның күні жоқ,мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Слайд: -Балалар табиғат дегеніміз не?
-Табиғат неше топқа бөлінеді? Қандай?
-Тірі табиғатқа нелер жатады? Ал, өлі табиғатқа ше?
-Өсімдіктер өсу үшін қандай жағдай қажет?
Дұрыс айтасыңдар.
- Адам-табиғаттың бір бөлшегі, табиғатсыз өмір сүре алмайды.Адам баласы табиғатқа зиян келтірмеуі керек.
Базарной әдістемесі: денені қозғамай мойын бұру арқылы көрсету.
-Үш тұғырлы тіл: Табиғат-природа- the nature ,өсімдік-растение-the plant , ағаш-дерево-tree
-Балалар, бүгін біз  «Өсімдіктер өмірі» жайлы айтамыз.
-Қолына жасанды гүл ұстаған Дымбілмес кіреді:
Балалар: Олай жасауға болмайды, ол жасанды, тірі емес.
-Дымбілмес: Онда сендердің де гүлдерің тірі емес қой?
-Жоқ, ол тірі. Бұл бөлме гүлі-Қазтамақ.. Қазтамақтың гүлінің түсі әртүрлі болып келеді. Оның емдік пайдасыда бар.
-Балалар тақтаға назар аударайық..
 Сызба бойынша тіршіліктің белгілерін айту.
- Дымбілмес, өсімдіктің неден тұратынын білгің келе ме?
Дымбілмес:- Түсіндім, түсіндім! Мына тамырды топырақтың бетіне отырғызамын, күн оны қыздырады, ал жапырақтарды топырақтардың астына саламын, олар қоректенуі керек. Ал гүлі тамырда гүлденетін болады. (Тақтада өсімдіктің бөліктерін керісінше қойып шығады).
Тәрбиеші: -Балалар, Дымбілмес дұрыс істеді ме?
- Ал, қара,Дымбілмес, тыңдап ал, өсімдік қалай өсетінін.
-Балалар, Дымбілмеске  өсімдіктің қалай өсетінін  көрсетіп айтып берейік.
 Психотренинг: «Гүлдер». Балалар, ортаға шығып шеңбер құрайық. Енді жайғасып отырып, өзімізді гүлдің дәні деп ойлайық. Күннің шуағы төгіліп, сендерге жылуын таратты. Жаңбыр жауып бойларыңды сергітті. Енді самал жел соғып, гүлдер тербеледі. Міне қандай тамаша гүлдер өсіп шықты.
-Дымбілмес: -Алақай! Гүлдерді мен қазір жұлайын!
-Дымбілмес мұның не, оларды жұлуға болмайды, олар тірі ғой! Қане балаларды тыңдайықшы.
1-Бала: Қызыл-жасыл гүл ектік,
Баптап күтіп түлеттік.
Қалмасын деп қурап,
Апта сайын суғардық.
Гүлдендіріп ауланы,
Аулада гүл қаулады.
2-бала: Өз қолыммен ыдысқа,
Отырғыздым үй гүлін.
Сабақтарын қып-қысқа,
Терезеден сүйді күн.
Топырағын қопсытып,
Мезгілімен суғардым.
Табиғат туралы болжамдар:
1.Гүлді  үзбе,
2.Көкті таптама,
3.Құмырсқаның илеуін бұзба,
4.Құстың ұясын бұзба,
5.Көк шөпті жұлма,
6. Судың да сұрауы бар, бекер шашпа,
7.Бұлақты ластама,
8.Талды сындырма.
Дымбілмес: Мен түсінбей тұрмын, тамыр не үшін керек?Бәрібір топырақтың астында көрінбейді ғой.
-Біз саған бәрін көрсетеміз. Кәзір тамырдың не үшін керек екенін тәжербие жасап көрейік.
1-тәжірибе. Қораптағы топыраққа тамыры жоқ ағаштың бұтағын салайық. Үрлейміз. Бұтақ құлап қалды. Енді тамыры бар ағашты салып көрейік. Үрлейміз.Таяқша мықты тұр,көрдіңдер ғой.
-Балалар, сендерге сұрақ: қалай ойлайсыңдар,қай таяқша мықты,берік болды? Неліктен? Егер ағаштың тамыры болмаса,не болады?
Нәтижесі: жерде өсімдікті тамыры ұстап тұрады.
2-тәжірибе:Боялған суы бар ыдысқа дәкеден жасалған тамырды саламыз.
-Не көрдіңдер?
Нәтижесі: тамыр тыныс алады, өсімдікті ұстап тұрады, топырақтағы ылғалды тартады.
-Балалар, тамыр не жасайды екен?
Сергіту сәті:Жел тұрды гуілдеп,
Ағаш біткен уілдеп.
Аспанды бұлт торлады,
Найзағайлар ойнады.
Жаңбыр жауды себелеп,
Кемпір қосақ көрінді.
Жарқыраған күн шықты.
Ойын: «Туған жердің ағаштары».
-Балалар мен сендерге өсімдіктердің аттарын атаймын. Туған жеріміз –Қапшағайда өсетін өсімдіктердің аты аталса шапалақтайсыңдар, ал бізде өспейтін өсімдіктер аталса қолды төмен түсіреміз.
Өсімдіктер: Алмұрт, алма. Банан, шие, қайың, мандарин, таңқурай, шырша ,апельсин.
-Карточкамен жұмыс.
Дымбілмес:-Балалар,рахмет сендерге. Мен Гүл қаласына барып барін айтып беремін. Сау болыңдар!
Тыныштық сәті: «Күн шуағын шашып тұр, самал жел еседі. Мен таза ауа жұтамын. Шөптер шайқалып тұр, қүстар ән салады. Маған сондай жақсы, рахат. Мен табиғатпен бірге өмір сүремін. Біз бір-бірімізге керекпіз. Біз барлық тіршілікпен дос боламыз және қорғаймыз».
Балалар слайдты қарайды.
Адам,құстар,жануар
лар,жәндіктер,аңдар,
гүлдер, таулар,су.
-Екі, өлі және тірі.
-Адам, өсімдік,т.б.
-Тау, топырақ,ауа т.б.
-Ауа, су, топырақ, жылу.
-Мойындарын қозғап,
Суреттерді көрсетеді.
-Балалар қайталайды.
-Сәлеметсіңдер ме , балалар! Маған тезірек топырағы бар құмыра беріңдерші. Мына гүл тезірек өссін,әдемі болсын, мен отырғызайын.

-Дымбілмес: - Әрине, білгім келеді.

-Жоқ, дұрыс емес.
-Өсімдіктің бөліктерін рет-ретімен қойып айтып шығады: тамыры топырақтың астында,топырақтың бетінде сабағы,сабағында жапырағы және гүлі болады.
- Бастарын көтереді,иықтарын жазып, қолдарын жоғары көтереді, орындарынан тұрады.Қолдарын тербетеді.
-Балалар өлең жолдарын айтады.
-Тамыры бар таяқша мықты болады.Тамыры ұстап тұрады.
-Бұтақ құлап қалды.
- Су ақырын көтерілуде, ал дәке боялуда.
-Ылғалды тартады, тыныс алады, жерді ұстап тұрады.
Сергіту сәтін жасайды.
-Балалар ойынды қызыға ойнайды.
-Карточкамен жұмыс жасайды.
-Сау бол Дымбілмес.
-Балалар тыныштық сәтін жасайды.
Рефлекциялық-түзетушілікҚорытынды:
-Балалар,бізге қонаққа кім келді?
-Дымбілмес бізден нені үйренді?
-Өсімдіктер өсу үшін не керек?
-Туған жерімізде қандай өсімдіктер өседі?
-Дымбілмес.
-Өсімдік өмірі туралы білді.
-Топырақ, ауа, жарық,жылу.
-алма,шие.т.б.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Өсімдіктің бөліктерін, құрлысын, аталуын,өсімдіктер туралы тақпақтарды айта білу.
Меңгеруі:Тамыр туралы түсінікті.
Жасай алуы: Тәжірибе жасап зерттеуді.

05 ақпан 2019 ж.4010