» » Украина қазақстандық студенттер үшін 40 грант бөлді

Украина қазақстандық студенттер үшін 40 грант бөлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина қазақстандық студенттер үшін 40 ЖОО грантын бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігі 2019 жылы Украинаның мемлекеттік бюджеті есебінен 40 грант бөлінгенін хабарлайды. Ол гранттар Қазақстан азаматтарын Украинаның жоғарғы оқу орындарында техникалық, экономикалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша оқытуға арналған», - деп хабарланды Украинаның дипломатиялық өкілдігінен.
Айта кетейік, оның ішінде 30 грант - «бакалавр», 10 орын - «магистр» дәрежесіне бөлінген. Үміткерлер құжатты Украинаның білім және ғылым министрлігіне 2019 жылдың наурыз айына дейін өткізу керек. Украина тарапы стипендианттарды тегін оқумен, сондай-ақ даярлық бөлімшелерімен, жатақханадағы тегін орынмен, Украинаның заңнамасына сәйкес медициналық қызметпен қамтамасыз етеді. Академиялық шәкіртақы «бакалавр»/«магистр» дәрежелері бойынша оқу барысында төленеді.
kazinform
07 ақпан 2019 ж.2170