» » Оқушылар кей пәндерді ағылшын тілінде оқиды

Оқушылар кей пәндерді ағылшын тілінде оқиды


Жолдауда қазақ тілімен қатар ағылшын тілін меңгеруге де міндеттелді. Осы тапсырманың негізінде 2019 жылдан бастап жоғарғы сынып оқушылары кей пәндерді ағылшын тілінде оқи бастайды.
Қызылордадағы №2 дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі – үш тілде білім беретін санаулы оқу ошақтарының бірі. Мұндағы оқушылар жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқиды. Біздің Елбасымыздың Жолдауында айтылған төртінші басымдығында үш тілді оқыту мектепте толықтай қамтылған, жағдай жасалған. Бірінші болып, Сыр өңіріндегі 46 мектеп-лицей үш тілде оқытуды қолға алған. Ендігі екі жылда облыстың барлық мектептерін қамту үшін ағылшын тілін еркін меңгерген физика, математика, информатика секілді пәндердің мұғалімдері даярланып жатыр. Бүгінгі күні болашақ ұстаз болатын 150 студент арнайы бағдарламамен білім алуда.

Дереккөз: alashinform.kz

15 желтоксан 2017 ж.4600