» » «Қазақ» газеті атындағы арнайы сыйлық тағайындалды

«Қазақ» газеті атындағы арнайы сыйлық тағайындалды


Қазақ сайттары редакторларының форумында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазақ» газеті атындағы арнайы сыйлықтың тағайындалатынын жариялады.
«Бүгінгі жиынды пайдаланып, тағы бір жаңалықты жеткізгім келіп отыр. Алдағы жылы ұлттық баспасөздің бастауында тұрған «Қазақ» газетінің жарық көргеніне 105 жыл толады. Осыған орай, «Үркер» байқауы аясында «Қазақ» газеті атындағы арнайы сыйлықты тағайындауды жоспарлап отырмыз», - деді Д.Абаев. Айта кетейік, бүгінгі жиында министр Абаев БАҚ саласындағы арнайы стратегияның дайындалатынын жеткізді. Бұдан бөлек, Абаев қазақ сайттарының негізгі міндеттерін атады.    
inform.kz сайтынан алынды
20 желтоксан 2017 ж.3370