» » БУЛЕКОВА АНАРГУЛ АМАНГЕЛЬДИЕВНА

БУЛЕКОВА АНАРГУЛ АМАНГЕЛЬДИЕВНА


БУЛЕКОВА АНАРГУЛ АМАНГЕЛЬДИЕВНА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИСАТАЙ АУДАНЫ АҚҚЫСТАУ СЕЛОСЫ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Жас ұрпақтың саналы тәрбие мен сапалы білім алуы жолында іздену мен үйренуден танбайтын жоғары санатты физика және информатика пәні мұғалімі- Булекова Анаргул Амангельдиевна. Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектепте 24 жылдан бері ұстаздық еңбек етіп келеді. Өз мамандығын шебер меңгерген ол көп жылдан бері шығармашылықпен еңбек етіп келе жатқан жаңашыл, ізденгіш, тәжірибелі ұстаз екендігін бірнеше рет дәлелдеді. Шәкірттерініңтанымдық қабілетін қалыптастырып, рухани бай жан-жақты тұлға қалыптастыруда жаңа техногогияны пайдалана отырып,  жұмысын әрдайым терең біліктілікпен атқарады.  Л. И. Толстойдың: «Егер мұғалім өн бойына өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз» деген өсиетті сөзін педагогикалық еңбегіне тірек етіп ұстанған Анаргул Амангельдиевнаның   іс – тәжірибесі  облыс көлемінде «Нысандар. Нысандар қасиеттері»  тақырыбымен таратылды. Ұстаздық еңбегінің  жетістіктері арқылы есімі 2012 жылы Қазақстан РеспубликасыБілім беру жүйесінің үздік қызметкерлерінің «Шәкірт жүрегінен жол тапқан ұстаз» атты жинағына енді.
Еңбек жолындағы жеткен жетістіктері:
- Атырау облыстық Білім беру басқармасының Құрмет грамотасы, 2009жыл
- Жас зиялыларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналының Алғыс хаты, 2011жыл
- Исатай аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты, 2013 жыл
- Атырау облыстық білім беру басқармасы әдістемелік кабинетінің Алғыс хаты, 2014жыл
- Ы.Алтынсарин атындағы ҰББА Құрмет грамотасы, 2014 жыл
-2016 жылы «Табыс кілті өз қолыңда» әдістемелік жинағының серіктес авторы
Оқушыларының жетістіктері:
Облыстық пәндік олимпиада сайыстарында шәкірті Ғарифолла Гаухар Құрмет грамота, 2014 жыл;
Облыстық кіші ғылыми жобалар сайысында шәкірттері А.Тұрғалиев, А.Құрметовтер ІІІ орын, 2015 жыл;
Облыстық пәндік олимпиада сайыстарында шәкірті Жантемір Альбина ІІІ орын, 2016 жыл;
Аудандық жас өнертапқыштар байқауында шәкірттері ІІ орын, 2016 жыл;
Облыстық кіші ғылыми жобалар сайысында шәкірті Жаңабаев Темірлан ІІІ орын, 2016 жыл;
Аудандық «Электронды оқулықтар» сайысында ІІ  орын, 2016 жыл;
Аудандық «Жас физик» байқауында шәкірті Ғайнеденова Алтынай ІІ орын, 2017 жыл;
Аудандық «Жас физик» байқауында шәкірті Жантемірова Альбина  ІІ орын, 2017 жыл.
02 қаңтар 2018 ж.4080