» » ГУСМАНОВА СВЕТЛАНА ГИМРАНОВНА

ГУСМАНОВА СВЕТЛАНА ГИМРАНОВНА


ГУСМАНОВА СВЕТЛАНА ГИМРАНОВНА

Батыс  Қазақстан облысы  Жәнібек ауданы Борсы ауылы
ІІ деңгейлік бағдарламасы бойынша сертификатталған,  Ғ.Қараш атындағы ЖББОМ-ніңмектеп директорының оқу - ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Светлана Гимрановна - мектеп өміріне ерте араласып жүрген беделді де, сыйлы ұстаздардың бірі. Мұғалімнің өз мамандығы бастауыш сынып бойынша «Оқушыларды өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» бағытындағы көкейтесті мәселесі сабақ үрдісінде үнемі көрініс табады.
     Светлана Гимрановна 2002 жылдан бастауыш сынып  бірлестігінің  жетекшісі болса, бүгінгі күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  міндетін атқарып жүр.
Шығармашылық іс-тәжірибесінің  жетістігі «Мектеп  директорының орынбасары» 2011 жылы № 2 санында, «Бастауыш сынып» 2012 жылғы қаңтарайынының әдістемелік  журналында, « Жайық  ұстазы» 2010 жылдың 15 қаңтарында, «Шұғыла» 209 жылдың 23 қаңтарындағы басылымында  жарықкөрді. Әдіскер мұғалімнің ұжымда өткізген Кембридж бағдарламасының  «Оқытудың жаңа әдіс- тәсілдері»,  «Диалогтық оқыту», « Оқыту үшін  бағалау» модулдері бойынша  семинар коучингтері, «Білім кемесіндегі ұстаздық шеберлік» тақырыбындағы семинарлары әріптестерінің шығармашылық тәжірибелерінің ұштала түсуініңықпалын  мектептің қортынды нәтижелерінен көруге болады. Биылғы оқужылының қортындысы бойынша білім сапасы-58%.
 Мектеп шәкірттерінің бесеуі  аудандық пән олимпиадасының жүлдегерлері. ҰБТ көрсеткіші 94,7 .  Жекеленген пәндер бойынша жоғары көрсеткішті көрсеткен математика пәнінен  16, биология пәнінен  19,8. химия пәнінен  20.
  Негізгімектепті бітіруші Құзайырова Земфира «Ерекше  куәлік» иегері.                    
   Сонымен бірге, мұғалімнің бастауыш  сатыдағы өз шәкірті, биылғы мектеп түлегі  Айткалиева  Айдана«Алтын  белгі» иегері. Ұстаз  2014 жылы «ZIAT» Ғылыми- әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған  «Ұлағатты ұстаз» атты  VI  Республикалық оқытушылар сайысында  I-орынға ие болды.
      2015 жылы мамыр айының 26 күні облыстық «Сауаттылық,тұлға және социум» тақырыбында оқуға арналған ІХ облыстық конференцияда «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, жұмысы республикалық кезеңінеұсынылды.
Қазіргі таңда мұғалімнің жұмыс нәтижесін оның  шәкірттері жалғастыруда. Атап  айтқанда Мендешова Айнагүл- балабақша  меңгерушісі, пән  мұғалімдеріИскакова Асем, Қажалаева Ақтоты,Жумаева Аяжан  ұстаздың үзеңгілес  шәкірттері.
Балаларды оқыту  ментәрбиелеудегі  жетістіктері үшін  бірнеше рет мектеп  әкімшілігі тарапынан алғысқа  иеболып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Алғыс хатымен және облыс әкімінің Алғысымен   марапатталды.(2017ж)
        Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің бастауыш сыныптар бойынша шығармашылық топ құрамының мүшесі.Ауданда бастауыш сыныптарға дәріс беретін тәжірибелі ұстаздардың еңбек жолындағы игі істері мен тәжірибелерін жас буынға үлгі ретінде аудан, облыс көлемінде тарату үшін «Ұстаз ұлағаты - бізге үлгі», «Ардагер ұстаз - ақылдың кені» тақырыптарындағы  әдістемелік жинақ  кітапшаларында өзінің қолтаңбасы бар тәжірибелі ұстаз.
 Өзіндікүлгі - өнегесімен шәкірт жүрегінен орын таба білетін ұстаз ғана емес, ұжым ортасында беделге ие  бола білетін парасат иесі, асыл қасиетті жан.
02 қаңтар 2018 ж.7170