» » ДӘУЛЕТОВА БАРШЫН АБДУЛЛАЕВНА

ДӘУЛЕТОВА БАРШЫН АБДУЛЛАЕВНА


ДӘУЛЕТОВА БАРШЫН АБДУЛЛАЕВНА

Даулетова Баршын Абдуллаевна 39 жыл педагогикалық өтілім бар ұстаз саналады.  Алға қойған негізгі мақсаты – сауатты, білімді, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін мәдениетті жастар тәрбиелеу.
39 жыл ішінде колледж оқытушылары мен студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралдар жазды.Атап  айтқанда, көлік мамандықтарының  студенттері мен оқытушылары арналған «Сборник текстов по дисциплине  Профессиональный русский язык» әдістемелік құралы. Бұл құрал Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің Кеңесінде қаралып, «20» сәуір 2016ж.  № 1/1 хаттамасымен бекітілді.
Ғылыми жетекшілік еткен студенттері ғылыми-практикалық конференциялар мен олимпиадаларға қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, 2014 жылы 2 курс студенті Дүйсенбаева Шынар Москва қаласында өткен халықаралық онлайн-конференцияға қатысып, «Молодой ученый» ғылыми журналында «Категория наклонения в русском и казахском языках» тақырыбындағы мақаласы басылымнан шықты. Студенті Азизова Айгерим 2015ж. Жеңістің 70-жылдығына арналған облыстық ғылыми-практикалық конференцияда қатысып, «Великий сын казахского народа» атты мақаламен жулделі орынға ие болды және Алғыс хатын алды. Орынханов Қуаныш АиУ-9/15-01 тобының студенті 2016ж. Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына орай шығармалар сайысында 3 орын алды. ОПЖД-9/14-01 тобының студенті Калиева Гүлназ және ОПЖД-9/14-02 тобының студенті Азизова Айгерім орыс тілі бойынша Халықаралық онлайн-конференцияға қатысып жүлделі 3 орынға ие болды.
 «Жас мамандар» мектебінің жетекшісі ретінде колледж деңгейінде түрлі іс-шаралар өткізіп, ашық сабақтар, семинарлар ұйымдастырды. «Оқытушы мен студенттердің арасындағы байланыстың маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасады.
            2014 жылы Москва қаласында өткен ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияға қатысып, «Использование информационных коммуникативных технологий на уроках русского языка и литературы» тақырыбындағы мақаласы «Молодой ученый» журналында жарық көрді. 2015 жылы Ресейдің Чебоксары қаласында болған V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Развитие навыков самостоятельной работы студентов» тақырыбындағы мақаламен қатысты. 2015 жылы «Инфоурок» сайтында «Тестовые вопросы по русскому языку для студентов 1 курса», «Контрольная работа по теме Второстепенные члены предложения», «Использование ИКТ на уроках русского языка» тақырыптарына әдістемелік құралдар басылымнан шықты. 2015 жылы Астана қаласында өткен II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Духовно-нравственное воспитание на уроках русского языка и литературы» тақырыбындағы мақаласымен қатысқан.
02 қаңтар 2018 ж.4220