» » ДИШЕНОВА УЛДАЙ ЗАХАРОВНА

ДИШЕНОВА УЛДАЙ ЗАХАРОВНА


ДИШЕНОВА УЛДАЙ ЗАХАРОВНА

Батыс  Қазақстан облысы  Жәнібек ауданы  Тегісшіл ауылы
Тегісшіл ЖББНМ-нің тарих пәнінің мұғалімі
 
        Дишенова Улдай Захаровна Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Тау ауылдық округінде  1975жылы 15  қаңтардадүниеге келді.  Мектепті тәмамдағаннан кейін Орал педагогикалық институтына 1993 жылы оқуға     түсіп,Батыс Қазақстан  гуманитарлық университетін 1997 жылы   бітіріп шықты. Қазіргі таңда Тегісшіл ЖББН мектебінде мұғалім болып қызмет атқарады. Ұстаз өз пәнін жетік білетін, теориялық жағынан білімді, үнемі кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында шығармашылық ізденіспен жүретін жан.
Ол кәсіби педагогикалық қызметінде «Оқушыны сыни тұрғыда ойлауға үйрету, шығармашылық қабілеттерін арттыру » атты әдістемелік тақырыппен жұмыс жасап келеді. Мұғалім проблемалық оқытуда жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігін көрсете білді.
Әр сабағы шығармашылық ізденістен тұрады. Пәнді меңгертуде  «Сыни тұрғыдан ойлау» технологияларының элементтерін тиімді пайдаланады. Үздіксіз ізденіспен жүретін ұстаздың сабақтары мен шаралары республикалық педагогикалық әдістемелік  басылымдарға жарияланды.Айта кетсек«Ұлттың ұлы тұлғасы» (№7 2016ж) және «Қазақстан және Ресей» (№2 2017ж)  атты сабақтары  «Қазақстан тарихы» Республикалық ғылыми -әдістемелік және педагогикалықжурналы, «Қазақ хандығының құрылуы» сабағы «Тағылым»(№15 2016ж) , «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» сабақтан тыс шарасы (№3 2016ж) «Тәрбие сағаты» журналдарында»,«Креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы» баяндамасы «Жайық ұстазы» газетінде жарияланды. Мұғалімнің оқушылармен өлкетану барысында жұмыстар жүргізу нәтижесінде «Сыр тұнған тарихы бар Тегісшілдің» мақаласы аудандық «Шұғыла газетінде» (2016ж) жарық көрді.
Ұстаздың жетістігі – оқушылардың қандай да бір білім сайыстарында жан-жақты ізденіп, жеңіске жеткен сәті, яғни биіктен көрінген кезі. Сондықтан оның еңбегінің жемісі – оқушылардың апталық, аудандық олимпиада, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болғаны. Сол шәкірттері жеңістеріне жеке-жеке тоқталсақ, Мақсотова Құралай ІІІ  (2012 ж) орынды, 5 сынып оқушысы Серік Еділ аудандық кіші олимпиадада ІІ орынды (2014 ж)иеленсе, Шүкірғалиев Шерхан (2013, 2015жылдары)аудандық пән олимпиадасында І орынды иемденді, «Жәнібек ауданы Сталинградмайданының жақын тылы» атты ғылыми шығармашылық байқауында «Жас патриот» аталымымен(2013ж), Шүкірғалиев Шерхан марапатталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оздырылған «Менің Отаным- Қазақстан» туристік экспедициялық отрядтардың слетінде «Сөнбес жұлдыздар» бағыты бойынша Аман Айым ІІІ, «Тарих қойнауында» бағытында Шүкірғалиев Шерхан  жүлделі ІІІ орындардан көріне білді (2016ж).
Ұстаз өз білімін жетілдіру мақсатында «Оқу мен жазу арқылы Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған(2013 ж) және «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі :сыни ойлау оқыту үрдісінде» облыстық тәжірибелік дамыту семинарына (2014 ж) қатысты. «Білім беру мазмұнын жаңғырту: болашаққа бағдарлану» сабағы аудандық педогогикалық тамыз кеңесінде тыңдалды (2015 ж). Аудандық пәндер олимпиадасында комиссия мүшесіінде (2015ж), Мектепшілік аттестатттау комиссиясының орынбасары (2015 ж) болды
Мұғалім еңбегі бағаланып Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының(2008ж) , Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен (2005ж) марапатталды. Сонымен қатар «Баққытты отбасы» атты Республикалық жоба «алғыс хаты» (2014 ж), «9 мамыр жеңіс күні!» тақырыбындағы сценарилердің Республикалық байқауының «Іс –шара сценарийі»номинациясының ІІІ дәрежелі дипломы(2016ж), ҚР конститутциясының 20 жылдығына орай Адам.Қоғам. Құқық пәнінен (2015ж)Ідәрежелі, Қазақ хандығының 550 жылдыығына орай «Қазақ хандығы(ХІ-ХҮІІ)» тақырыбы бойынша ІІ дәрежелі (2015ж) дипломдарға ие болды. «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі: сыни ойлау оқыту үдерісінде» тақырыбында өткен облыстық тәжірибелік –дамыту семинарының 2014ж, 9 мамыр жеңіс күні!» тақырыбындағы сценарилердің Республикалық байқауының «Іс –шара сценарийі»номинациясы бойынша (2016ж) сертификаттарына ие болды.    
      Егеменді еліміздің жас ұрпақтарын тәрбиелеуде әлі талай асудан өтіп, игі істер жасайтынына сеніміз мол.
02 қаңтар 2018 ж.5900