» » ДОСЖАНОВ БУЛАТ АМЗЕЕВИЧ

ДОСЖАНОВ БУЛАТ АМЗЕЕВИЧ


ДОСЖАНОВ БУЛАТ АМЗЕЕВИЧ

Досжанов Болат Әмзеұлы 2005 жылдан бері көлік мамандықтары бойынша оқушы-жастарға арнайы-техникалық пәндерден дәріс беріп келеді.
            Оқытушы ретінде тәжірибесі колледж ішіне және облыс көлеміне таралды.Атап айтсақ, Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің Кеңесінде 2012ж. 1202000 - «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандығының «Жол және станса құрылымы» пәні бойынша «Телімдік стансаны қайта құру жобасын жасау» тақырыбына сәйкес курстық жобалау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау, 2014ж. «Қозғалыстың қауіпсіздігі және техникалық пайдалану» пәні бойынша дәрісжинағы (1203000 – «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты  басқару» мамандығының студенттері мен пән оқытушыларына арналған әдістемелік құрал), 2015 жылы 1401000 – Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану мамандығының студенттеріне  «Құрылыс сызбалары» пәнінен бақылау  жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау, 1401000 – Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану мамандығының студенттеріне«Құрылыс өндірісінің технологиясы» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау бекітіліп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына  таратылды.
Болат 12 ғылыми мақаланың авторы саналады, оның ішінде 8 мақала халықаралық ғылыми конференцияға арналды.
2012ж. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткен «Ең үздік арнайы пән оқытушысы» облыстық байқауынан ІІІ орынды иеленді.
2011 жылы Маңғыстау облыстық Білім Басқармасының бұйрығымен Маңғыстау политехникалық колледжін мемлекеттік атттестациялау комиссиясының құрамында болды.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі» ЖШС-нің Мұнайлы филиалының директоры, 2013 жылдан бастап «М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі» ЖШС-нің директоры қызметін атқарып келеді.
Мадақтамалары:
2011ж. – «Қазақстан теміржолы ҰК» АҚ Құрмет Грамотасы
2011ж. – Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауының Республикалық Комиссиясының Алғыс хаты 
2011ж. – М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Құрмет Грамотасы
2016ж. –М.Тынышпаевтың 85 жылдығына арналған М.Тынышпаев атындағы медаль
2016ж. – Елдің дамуына және өркендеуіне қосқан сүбелі үлесі үшін, ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Алғыс хаты,
2016ж. – Маңғыстау облысының әкімдігінің Алғыс хаты,
2015ж. – Республикалық «Білім және Ғылым» шығармашылық бірлестігінің Алғыс хаты,
2015ж. –Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасының Алғыс хаты,
2014ж. – «Маңғыстау туризм колледжі» МКҚК Алғыс хаты,
2014ж. –Маңғыстау облыстық Азаматтық АльянсыныңАлғыс хаты,
2013ж. – Сертификат, «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» энциклопедиясының редакциясының сертификаты;
2013ж. –  «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің  республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ Алғыс хаты
2013ж. –  Жекеменшік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығының дипломы
2012ж. – Диплом, облыстық «Ең үздік арнайы пән оқытушысы» байқауында үшінші орын
2012ж. – Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы
02 қаңтар 2018 ж.5350