» » Доскалиева Жемис Молдашевна

Доскалиева Жемис Молдашевна


Доскалиева Жемис Молдашевна

Жалпы білім беретін Исатай орта мектебі
Доскалиева Жемис Молдашевна, 1960 жылы 13 қарашада Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Забурын совхозында қарапайым отбасында дүниеге келді.
1979 жылы Гурьев педагогикалық училищесіне түсіп, оны 1982 жылы бітірдім. 1984 жылы Гурьев педагогикалық институтына мамандығым бойынша сырттай оқу бөліміне түсіп білімімді жоғарлатып, жалғастырды.
1982 жылдың 10 тамызынан бастап Гурьев облысы, Нововогат ауданының Октябрьск (қазіргі Исатай)орта мектебіне мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Ұстаздық еңбек жолына -35 жыл. 15 жылдан астам бастауыш сыныптар бірлестігіне жетекшілік етті, бастауыш сыныптар жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі, әлеуметтік психолог қызметтерін атқарды. Күні бүгінде Жалпы білім беретін Исатай орта мектебінде «Өзін – өзі тану» пәнінен сабақ береді, жоғары санатты мұғалім.
Еңбек еткен жылдар ішіндегі жетістіктері: Оқытқан шәкірттерінен мектеп тарихында алғаш рет тереңдету сыныбы Қазақ тілі пәнінен, содан соң Тарих пәнінен ашылды, ол шәкірттерінің бәрі де жоғарғы оқу орындарына түсіп, мектептің мерейі болды. Әліппе ұстатқан шәкірттерінің ішінен ерекше аттестат иегерлері шықты. Аудандық олимпиада (математика), республикалық интеллектуалдық ойындар жүлдегерлері, аудандық мәнерлеп оқу, ғылыми жобалар, «Жыл оқушысы-2011» сайыстарының жүлдегерлері танылды.Сыныбындағы Халел Е республикалық «Қазақстанның үміт артарлары» жинағына енді. Сабақ беріп жүрген «Өзін – өзі» тану пәнінен төрт жыл қатарынан аудандық, облыстық, республикалық олимпиада жеңімпаздары шықты.
Атап айтсақ, республикалық пәндік олимпиададан «Өзін – өзі» тану пәнінен 2014 ж А. Қайыржанова І орын, 2016 ж Ұ. Мақұлова ІІ орын иеленді.
Бірнеше жыл кабинет жетекшісі ретінде аудандық кабинеттер байқауына қатысып, жеңімпаздар сапынан танылды.
Аудан, облыс, республика көлемінде түрлі кәсіби сайыстарға қатысып, жүлдегер болды. Облысық сайыста «Тьютор жетекші», республикалық сайыста «Үздік элективті курс» номинаторы атанды.
Облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан портал құрастыру сайысына «Математика шытырмандары» есептер жинағымен қатысты.
Авторлық құқық иесі. 10-нан астам шығармашылық еңбектері жарық көріп, әріптестеріне көмекші құрал ретінде пайдаға асты. «Мамандығым – өмірімнің өрнегі» , «Тәмсілдер -1», «Тәмсілдер - 2», «Қазақ тілінен көмекші құрал», «Стенд - көрме», «Қуырмаш», «Дәйексөздер топтамасы» «Математика шытырмандары», т. б. тақырыптарда кітаптары шықты.
«Ойы жүйрік озады» тақырыбындағы жұмысы 2011 ж ҮІІ республикалық «Ең үздік авторлық бағдарлама» сайысындағы жинаққа енсе, 2012 ж облыс көлеміндегі жинаққа енді. Аудандық, облыстық, республикалық әдістемелік семинарларға, тәжірибелік конференцияларға, педагогикалық оқуларға қатысып, шығармашылық ізденістерімен бөлісіп, еңбектері сол жинақтарға енді, сертификаттарға ие болды.Олар: Республикалық «Білім жолы – нұрлы жол», «Рухани – адамгершілік тәрбиенің мазмұндық – әдістемелік аспектілері»т. б тақырыптардағы конференциялар, «Мәңгілік ел» идеясы негізінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептің, қоғамның рөлі» тақырыптарындағы семинарлар , «Ұлттық құндылықтар негізінде білім берудің аспектілері» ғылыми – әдістемелік конференция , т.б. Ұстаздарға арналған ғылым – білім интернет www bilim. KZ интернет ресурсына сабақтары жарияланды.
Шығармашыл шәкірттерімнің, өзімің мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспа беттерінен жарық көрді.
Ізденістері шыңға жетеледі. Аудан, облыс, республика көлемінде іс–тәжірибесі таратылды.
2012 ж Атырау облыстық біліктілікті арттыру «Дарын» орталығының «Ұша білген қанатқа дүние кең», 2012 ж республикалық білім беру ісінің үздіктері енген «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз», 2017 ж «Атырау ұстаздары» атты энциклопедияларға енді.
Еңбегін бағалаған ата-аналар алғысы, ұжымдағы әріптестер пікірі, шәкірттердің ақ тілегі, мерекелік құттықтаулары баспа беттерінен жарық көріп, мамандығының адал иесі екеніні халыққа жария етті.
2016 жылы Астана қаласында өткен республикалық тамыз кеңесіне қатысты.
Республикалық пәндік олимпиаданың І орын иегері шәкірті А. Қайыржановамен «Бала би» журналына шықты. Сонымен қоса, 2016 ж Халықаралық «Білім беру ісінің үздіктері» атты энциклопедияға ұсынылды.
Облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен, Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды, Исатай аудандық білім бөлімі және «Қазақстанның салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Исатай аудандық комитеті филиалы облыстық «Құрмет тақтасына» есімі ілінді
2016 ж Облыстық білім беру басқармасының Алғыс хатын, 2016 ж Республикалық «Бөбек» ҰПББССО Алғыс хатын, 2017 ж «Өрлеу» АҚ Құрмет грамотасын иеленді.

Жетістіктері:
1990 ж Аудандық пед. оқу І орын
1990 ж Облыстық пед. оқу І орын
2002 ж Аудандық «Ең таңдаулы сабақ» Бас жүлде
2002 ж Аудандық пед. оқу І дәрежелі Диплом
2002 ж Облыстық пед. оқу ІІІ орын Аудан көлемінде іс-тәжірибесі таратылды
2003 ж Аудандық атаулы мектеп мүшесі
2003 ж Аудандық «Ең таңдаулы ауыл мұғалімі» «Ізденгіш мұғалім» номинациясы
2003 ж Аудандық кабинеттер байқауы ІІІ дәрежелі Диплом
2003 ж Облыстық мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарының сырттай байқауы Тестілер жинағы көрмеге ұсынылды
2004 ж Аудандық кабинеттер байқауы ІІІ дәрежелі Диплом
2005 ж Облыс көлемінде іс –тәжірибесі таратылды
2005 ж «12 жылдық білім берудің басты шарты – мұғалім шығармашылығы»
Аудандық білім бөлімі Шығармашылық жұмыстар жинағына енді.
2006 ж Облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасы
2007 ж Облыстық мұғалімдер шығармашылығы ІІІ дәрежелі Диплом
2008 ж Ү облыстық конференция Мадақтау грамотасы
2009 ж Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы
2009 ж Облыстық «Ғылыми идеялар жәрмеңкесі - 2009» «Тьютор» бірлестік жетекшісі номинациясы, Грамота, сертификат
2011 ж Аудандық «Үздік авторлық бағдарлама» сайысы ІІІ дәрежелі Диплом
2011 ж Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» сайысы І дәрежелі Диплом
2011 ж Аудан әкімінің Құттықтау хаты
2011 ж Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» сайысы «Үздік элективті курс» номинациясы, ҚРБ және ҒМ сертификаты
2011 ж республикалық «Дарын» ғылыми – практикалық орталығының Грамотасы
2011 ж ҮІІ респуб. «Үздік авторлық бағдарламалар» жинағына еңбегі енді
2011 ж Авторлық құқ куәлігін иеленді «Мамандығым – өмірімнің өрнегі»
2011 ж Исатай аудан әкімінің Алғыс хаты
2012 ж «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз»
ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері жинағына енді
2012 ж «Ұша білген қанатқа дүние кең» «Дарын» кабинетінің облыстық шығармашыл мұғалімдер жинағына енді
2012 ж Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының материал дар жинағына еңбегі енді
2013 ж Республикалық «Біліктілікті арттыруды ғылыми – әдістемелік қамтамасыз ету – педагогикалық кадрлардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың басты шарты» тақырыбындағы ғылыми – тәжірибелік конференцияның баяндамалар жинағына еңбегі енді, Сертификат
2013 ж Облыстық «Ұлттық құндылықтар негізінде білім берудің аспектілері» ғылыми – әдістемелік конференция материалдарының жинағына еңбегі енді. Сертификат
2014 ж Исатай селолық округі әкімінің Алғыс хаты
2015 ж Исатай аудандық білім бөлімі және «Қазақстанның салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Исатай аудандық комитеті филиалы есімі облыстық «Құрмет тақтасына» ілінді
2015 ж аудандық «Жыл мұғалімі - 2015» І орын
2015 ж облыстық әдістемелік конференция «Өзін – өзі тану жаңа форматта» сертификат, облыс көлемінде іс – тәжірибесі таратылды
2015 ж республикалық «Жаңартылған білім беру бағдарламалары, инновациялар мен құзіреттілік тәсіл - табысты мектеп кепілі» тамыз маслихатының қатысушысы
2016 ж Аудан «Адамгершілік білім беру - басты бағдар» семинар, Аудан көлемінде іс – тәжірибесі таратылды
2016 ж «Бала би» журналына шәкірті республикалық пәндік олимпиаданың І орын жүлдегері А. Қайыржановамен шықты
2016 ж «Лучшие в образовании» Халықаралық энциклопедияға ұсынылды.
2016 ж Облыстық білім беру басқармасы Алғыс хат
2016 ж республикалық «Өрлеу» АҚ «Өзін - өзі тану» пәнінен «Үздік бейне сабақ» байқауы сертификат
2016 ж республикалық ҰҒПББСО Алғыс хат
2017 ж қаңтар республика көлемінде іс – тәжірибем таратылды
2017 ж Аудандық «Үздік сабақ» «Өзін – өзі тану» І орын
2017 ж аудандық педагогикалық оқу І орын
2017 ж облыстық пед оқу Құрмет Грамотасы, баяндамам республикалық пед оқуға ұсынылды.
2017 ж Облыстық «Атырау ұстаздары» энциклопедиясына есімі енді
2017 ж республикалық «Рухани – адамгершілік тәрбиенің мазмұндық – әдістемелік аспектілері» конференция Сертификат, баяндама жинаққа енді.
2017 ж облыстық «Мәңгілік ел» идеясы негізінде ұлттық құндылықтар ды қалыптастырудағы мектептің, қоғамның рөлі» ғылыми - тәжірибелік семинар Сертификат, еңбегі жинаққа енді

02 қаңтар 2018 ж.7020