» » ДҮЙСЕНБИЕВ АЛМАС МАРАТҰЛЫ

ДҮЙСЕНБИЕВ АЛМАС МАРАТҰЛЫ


ДҮЙСЕНБИЕВ АЛМАС  МАРАТҰЛЫ

        Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, № 83 гимназияның  қазақ тілі  
                                 мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  Алмас Маратұлы - қабілетті, білімді, іскер  мұғалім ретінде мектепішілік, аудандық, қалалық іс-шараларға белсене қатысып, өзінің әр қырын танытты. Өз ісіне деген  ынта-ықыласы өте жоғары. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, кез келген жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады. Тапсырылған жұмыстың мезгілінен бұрын орындалуына үнемі ұйытқы болады.
Әріптестерімен қарым-қатынасы өте жақсы. Алдына міндет қойса, шешімін тез табады.Табысты болатынына сенімді . «Әлем жылдам өзгеруде» дегенді алдыға мақсат етіп, үнемі жаңалыққа ілесіп, жандана жұмыс істеуде. Осы бағытта қз білімін үнемі жетілдіріп отырады:
2017 жыл «Өрлеу» бiлiктiлiгін арттыру орталығы. «Жаңартылған оқу мазмұны» 160 сағаттық курс.
          2017 жылҚазҰУ және Aitmatov Academy (London). «General Linguistics and Theory of Translation». 72 сағаттық курс.  
          2017 жыл  ҚазҰУ. Халықаралық жазғы лингвистикалық мектеп. «Русский язык и культура: традиции, новации и перпспективы» 36 сағаттық курс.
          Алмас Маратұлы жас болса да, білім берудің қазіргі заманғы философиясынмеңгеруге тырысып, оны өзінің кредосы етіп ұстануға талпынады. Оның педагогикалық кәсіби бет-бейнесінің бағасы оның инновациялық шығармашылық табыстарымен, шәкірттерінің сапалы білімімен және жеке педагогикалық үлгілі тұлғасымен анықталады. Ізденімпаз ұстаз  байқауларға қатысып, өз шығармашылығын шыңдай түсуде.
Жетістіктері:
          2016 жыл  «Ана тілім – ән жырым» қалалық байқауында 3-дәрежелі диплом
          2017 жыл  Түрксіб ауданы. «Мыңбала» сайысында 1-орын 
          2017 жыл  «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасынан 3-дәрежелі диплом .
            2017 жыл «Тіл мерейі» Үздік қазақ тілі оқытушысы аудандық байқауы ГРАН ПРИ жүлдесін алды.
          2016 жылы Сайын Ақбота, Сейтқали Меруер «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» Республикалық байқауының дипломанттары атануына мұғалімнің еңбегі зор. 2017 жылы  Нағашыбек Дәулет «Ана тілім ән жырым» Республикалық байқауында 2-орынды иемденсе, Мерекеұлы Ерсұлтан, Мерекеұлы Бексұлтан «Онамастика-Қоғам-Уақыт» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында 2-орын алды.
Дүйсенбиев Алмас Маратұлы инновациялық бейнесі оның шәкірттерінің білімдік және зерттеушілік жетістіктерінің жоғары нәтижелігімен де сипатталады. Ол – оқушылардың ғылыми зерттеулеріне жетекшілік етуімен де өзінің шығармашыл ізденімпаз педагог деген имиджін қалыптастырған ұстаз.
02 қаңтар 2018 ж.6650