» » ДУСКАЛИЕВА ГУЛМАЙРА ИБАТОВНА

ДУСКАЛИЕВА ГУЛМАЙРА ИБАТОВНА


ДУСКАЛИЕВА ГУЛМАЙРА ИБАТОВНА

Батыс  Қазақстан облысы  Жәнібек ауданы  Тау ауылы
Ғ.Абдуллин атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің І санатты
бастауыш сынып мұғалімі
     Дускалиева Гулмайра Ибатовна  1969 жылы 8 қыркүйекте Жәнібек ауданы, Тау ауылында дүниеге келді. 1987 жылдан бері Жәнібек ауданы, Тау ауылы Ғ.Абдуллин атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасап келеді. Еңбек өтілі-30 жыл.Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологияларын қолданады.  
     2012 жылы  «Оқу мен Жазу арқылы «Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша USAID қолдауымен Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған семинарлар жиынтығына қатысып, қатысушы куәлігін (№ 036120) алса, 2015 жылы Орал қаласындағы №37 мектепте ұйымдастырылған «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың маңыздылығы» тақырыбындаоздырылған семинарға қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Аудандық тамыз кеңесінде 2012 жылы «4-сынып оқушыларының ортаңғы буынға психологиялық тұрғыдан дайындығы», 2013 жылы «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбындағы баяндамаларым аудандық бастауыш сынып мұғалімдері  арасындағы семинарға ұсынылды
            2013 жылы  қарашада Орал қаласында өткен «Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесіндегі республикалық функционалдық сауаттылық: дәстүрлер мен ииновациялар» атты республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясына сырттай қатысып, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының маңызы» тақырыбындағы мақалам конференция жинағына жарияланды.
  «Ө дыбысы мен әрпі» сабағымның электронды нұсқасы  «sabagtar.kz»  республикалық әдістемелік сайтында (2014ж.    № А1000447)  жарияланып, сертификатқа ие болды.
           Өз білімім мен біліктілігімді көтеру мақсатымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, 2014 жылы (№ 289209), 2015 жылы (№650755) «Қала/аудан бойынша ең жақсы нәтиже» сертификатына және 2015 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру» тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсының сертификатына  (№ 0085337) ие болды.   
         Сабақ беретін сыныптарымның оқушыларын  шығармашылыққа баули отырып, әр түрлі тақырыпта баспа беттерінде оқушыларымның шығармаларының жариялануына септігімді тигіздім. Аудандық «Шұғыла» газетінде Н.Ахметованың «Әліппе көп нәрсені үйретті» (№ 33, 26.09.2012), Е.Орынғалидың «Апайымызды мақтан тұтамыз» (№22, 17.10.2014)  атты мақалалары жарияланды.
        Мектепішілік және аудандық кіші пән олимпиадасына оқушылар дайындауда  да өз үлесін қосып келеді.
         Халықаралық ПОНИ (Пойми!Открой!Найди!Исследуй!) турнирына Н.Ахметова (2014 ж.) қатысып, «Турнир жеңімпазы» дипломымен, Д.Нұрболат пен А.Ерденбекқызы, Б.Бақытжанов (2014 ж. ) осы турнирдің сертификаттарымен марапатталды.
         Аудандық кіші олимпиадада А.Қадырова (2012 ж.)  математика пәнінен         І орынға, Д.Урболатова аудандық «Абай өлеңдерін оқуда» ІІІ орынға,А.Қадырованың  «Нан дастарханға қалай келді» тақырыбындағы кіші ғылыми жобасы аудандық кезеңде І орынға ие болып, жоба материалы республикалық «Мектептегі ғылыми жұмыс» ғылыми-әдістемелік журналында (№1,2015 ж.) жарияланды.
      Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің бастауыш сыныптар бойынша шығармашылық топтың мүшесі.Ауданда бастауыш сыныптарға дәріс беретін тәжірибелі ұстаздардың еңбек жолындағы игі істері мен тәжірибелерін жас буынға үлгі ретінде аудан, облыс көлемінде тарату үшін «Ұстаз ұлағаты - бізге үлгі», «Ардагер ұстаз - ақылдың кені» тақырыптарындағы  әдістемелік жинақ  кітапшаларында өзінің қолтаңбасы бар тәжірибелі ұстаз.      
           Марапаттаулары: аудандық білім беру бөлімінің (2009 ж.) Алғыс хаты,  аудандық білім беру бөлімінің (2010 ж.) Құрмет Грамотасы, халықаралық ПОНИ (Пойми!Открой! Найди! Исследуй!) турнирының (2014 ж.) Алғыс хаты,  Жәнібек аудандық ОКЖ-нің (2015 ж.) Алғыс хаты.
           Баспа беттерінде : облыстық әдістемелік «Жайық ұстазы» газетінде  (13 наурыз, 2013 ж.) «Қазақстан Президенті» атты ізденіс сабағы, республикалық «Бастауыш сынып» әдістемелік - педагогикалық журналында (№9 (41), 2013 ж.) дүниетану пәнінен «Мектеп және өндіріс» тақырыбындағы сабағы және осы журналда «Бастауыш сынып оқушыларын кіші зерттеу жұмыстарына баулу» мақаласында (С.Ж.Қуаншалиева) кіші ғылыми жоба көрсетілген.
         Облыстық «Самал» балалар газетінде (№8, желтоқсан, 2015ж.) «Жүрегім балалар деп соғады» атты мақаласы жарық көрді.
         Аудандық «Шұғыла» газетінде  (2013ж.) «Тыңғылықты» тақырыбындағы сынып оқушыларының ата-аналарының (Г.Нұрғалиева,Г.Жапақова) мақаласы жарияланды.
         Оқушыларының білімін шыңдауда «Білім негізі - бастауышта» деген қағиданы ұстанып, әр бала мүмкіншілігіне назар аударып, шығармашылыққа баули отырып, функционалдық сауаттылықтарын дамыту жұмыстарын жүргізе береді.
02 қаңтар 2018 ж.7420