» » Сәтмырзаев Асан Адасбекұлы

Сәтмырзаев Асан Адасбекұлы


(19.01.1956 ж.т.,  қазіргі  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Бәйдібек  ауданы, Жарықбас  ауылы) – ғалым,  экономист, экономика  ғылымдарының кандидаты (1992), доцент (1994), Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ профессоры (2005),  Қазақстан  Республикасының  Жаратылыстану  ғылымдары  академиясының (1995)  және  “Еуразия” халықаралық  экономикалық  академиясының (1998) мүше – корреспонденті, экономика ғылымдарының докторы (2010), Халықаралық Экономикалық Евразия академиясының толық мүшесі (академигі) (2011), ҚР БҒМ БҒ саласындағы Бақылау Комитетінің профессоры (2011). 1974 ж.  Қапланбек  малдәрігерлік – зоотехникалық  техникумының  (Сарыағаш  ауданы) “Бухгалтерлік  есеп” мамандығын  үздік  бітірген. Сонан  соң  екі  жылдық  әскери  борышын  өтеп  (Владивосток  қаласы), 1976 ж. Алматы  халықшаруашылығы  институтына  (қазіргі  Т.Рысқұлов  атындағы  Қазақ  экономикалық  университеті) жолдамамен  оқуға келіп  түседі, сөйтіп  1981 ж.  аталған  ЖОО – ның  “Есеп - экономикалық”факультетінің “Бухгалтерлік  есеп” мамандығын  үздік  бітіреді. Оқу  үздігі, Лениндік стипендиат.
        Еңбек  жолын  1981 ж. өзі оқып білім  алған  ЖОО – дағы “Ауылшаруа-шылығындағы  бухгалтерлік  есеп  және  шаруашылық  қызметті  талдау” кафедрасынан  бастап  күні  бүгінге  дейін  көптеген  қызмет  атқарып  келеді. 1993 жылға  дейін  аталған  кафедраның  оқытушысы  қызметін  атқарады. 1993 – 1995 жылдарда  Оқу – ғылыми - әдістемелік  басқарма  бастығының  оқу-ісі  жөніндегі  орынбасары, 1995-1996 жылдары – ОҒӘ  басқарма  бастығы, 1996 – 2002  жылдары –  КазЭУ–нің  оқу-әдістемелік  ісі  жөніндегі  проректоры  болып  қызметтер  атқарды. Сонымен  қатар, осы  жылдары  ҚР  ЖОО  экономикалық  мамандықтар  бойынша  Оқу - әдістемелік  бірлестік  Кеңес  төрағасының  орынбасары  қызметін  де  атқарады. 2002 - 2005 жылдары  “Есеп  және  ақпараттық  технологиялар ” және  “Қаржы  және  есеп” факультеттерінде декан  болып  келді. Ал  2005 жылдың  қазан  айынан  2006 жылдың мамыр айына дейін Т.Рысқұлов  атындағы  ҚазЭУ – нің  Оқу - әдістемелік  және  тәрбие  жұмыстары  жөніндегі  проректоры  қызметін  атқарады,Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  министрлігі  жанындағы  Республикалық  Оқу-әдістемелік  Кеңестің “Әлеуметтік  ғылымдар  және  бизнес” мамандықтар  тобы  бойынша  оқу-әдістемелік  секция  төрағасының  орынбасары. 2006 жылдың мамыр айынан 2007 жылдың қыркүйек айына дейін университеттің Бірінші проректоры – оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарып келеді, 2007 жылдың қыркүйек айынан 2009 жылдың қараша айына дейін – ҚазЭУ-дің тәрбие ісі жөніндегі және қоғаммен байланыстар бойынша проректор, ал 2009 жылдың қараша айынан 2010 жылдың қаңтар айына дейін - ҚазЭУ-дің тәрбие ісі жөніндегі және қоғаммен байланыстар бойынша проректор – «Қаржы және есеп» факультетінің деканы, 2010 жылдың қаңтар айынан 2011 жылдың ақпан айына дейін – «Есеп және статистика» факультетінің деканы қызметтерін атқарады.  2011 жылдың ақпан айынан 2012 жылдың тамыз айына дейін – ҚР Білім және ғылым Министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым Ордасы» РМК Бас директорының ғылыми-инновациялық және халықаралық қызмет жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарады, ал 2012 жылдың тамыз айынан 2012 жылдың  қазан айына дейін -  «Ғылыми қазына» ғылыми-білім беру холдингі жанындағы Ғылыми орталықтың директоры қызметін, 2012 жылдың қазан айынан бастап 2014 жылдың қаңтар айына дейін Абай атындағы  Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің оқу басқарма бастығы қызметін атқарды, ал 2014 жылдың қаңтар айынан  2016  жылдың  ақпан  айына  дейін «Тұран» университетінің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор қызметін атқарады, 2016  жылдың  ақпан  айынан  2017  жылдың  мамыр  айына  дейін “Тұран”  университетінің  «Есеп  және  аудит»  кафедрасында  профессор  қызметін  атқарады, ал  2017  жылдың  мамыр  айынан  бастап  қазіргі  уақытқа  дейін – Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Педагогикалық  Университетінің  Білімгерлерді қабылдау  мен  мамандар  даярлауды  бақылау  орталығының  директоры  қызметін  атқарады. Атқарылған  қызметтерінің  нәтижесі  бойынша - білікті  педагог – ғалым  және  ЖОО-да  оқу  процесінің  тәжірибелі ұйымдастырушыларының  қатарында.
         Білім  саласына, оның  ішінде  оқу  процесін жетілдіруге қосқан  үлесі  орасан зор, бүгінгі таңда да  қойылған  жаңа талаптарға  сәйкес типтік оқу-біліктілік  бағдарламалар  мен  ҚР  Жалпыға  міндетті  білім  стандарттарын жасауға  қол  ұшын беріп  жүр.
          Ғылыми-педагогикалық  біліктілігін  арттыру  мәселесін  де  ұмытпайды: “экономист- зерттеуші” диплом иегері (1992, Москва, АНХ Совмин  СССР); Британское  консульство (1992, Москва), Прайс-Уатерхаус  агенттігі (Алматы, 1994), Институт  присяжных  бухгалтеров (1995, Шотландия, Англия), ЕС ТАСИС  проекті (Алматы, 1998), Институт  экономического  развития  Всемирного  банка (Ташкент, 1996), ЮСАИД- Корпорация “Прагма” (Алматы, 2002), EQUIS – CAMAN  (2002, Алматы), т.с.с. көптеген  арнайы  курстар  мен  семинарларды  бітіргені  туралы  30-дан (отыздан) астам сертификаттары  бар. Ғылыми – теориялық, ғылыми-практикалық  және  оқу-әдістемелік  конференциялар  мен  семинарларға  қатысады, Ғылыми-зерттеу  жұмысының  тақырыбына  қатысты  баяндамалар  жасайды. Қазіргі  уақытта  250-ден (екі жүз елуден)  астам  ғылыми, әдістемелік  еңбектері  жарияланған, оның  ішінде  11 (он бір) оқу  құралдары  бар. 2003 жылдан  бастап  ҚазЭУ –нің  жанында  құрылған  докторлық  диссертация  қорғау  Кеңесінің  ғылыми  хатшысы, аспиранттар, соңғы  жылдары  магистранттар  мен  философия  докторларын (PhD)  дайындауға  ғылыми  жетекшілік  етеді. 2010  жылдан  бастап  PhD  бағдарламасы  бойынша  докторлық  диссертация  қорғау  Кеңесінің  мүшесі.
ВЛКСМ, Қазақстан  ЛКСМ  орталық  комитеттерінің  көптеген  Құрмет  грамоталары  және  ерекше  арнайы  белгілерімен, сонымен  қатар  ҚР  Жоғарғы  Кеңестің  Президиумының  грамотасымен (1986) марапатталған.
          Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  Министрлігінің   “ Білім  беру  жүйесін  дамытуға  қосқан  зор  жеке  үлесі”  үшін  білдірген арнайы алғысы (2003 ж., 2013 ж.) бар. “Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері” (2006 ж.) және “Ы. Алтынсарин” медаліне ие болды (2006 ж.).  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  Министрлігінің «Дене тәрбиесі ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» төс белгімен және Алматы қаласының әкімі Алғыс хатпен «Пекин-2008» ХХIХ жазғы Олимпиада алауының Эстафетасына дайындық жүргізу және өткізуде атқарған ерен еңбегі үшін марапатталады (2008 ж.). 2011 ж. «Медеу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» мерейтойлық медальмен марапатталады. 2016  ж.  «А. Байтұрсынов»  атындағы  медальмен   марапатталады.
           Шығ:  Рекомендации  по  организации  учета  в  арендных  коллективах  и  внутрихозяйственных  кооперативах  (колл. авторов).  -  А-Ата, 1990;  Рекомендации   по  организации  арендных  отношений  в  совхозах  и  колхозах  (колл. авторов). –Жамбул, 1990;  Организация  учета  в  мелких  и  средних  крестьянских (фермерских) хозяйствах  (колл. авторов), в  3-х  частях. – А-Ата,  1991;  Шағын  кәсіпорындардағы  бухгалтерлік  есепті  ұйымдастыру: оқу  құралы. – Алматы, 1996;  Аудиттің  теориясы: оқу  құралы. – Алматы, 1998;  Бухгалтерский  учет  в  рыночной  экономике:  уч. пособие. – Алматы, 1998; Бухгалтерлік  терминдердің  қысқаша  орысша – қазақша  түсіндірме  сөздігі. – Алматы, 2000;  Аудит  теориясы: оқу  құралы. – Алматы, 2000; Основы  бухгалтерского   учета  и  аудита: уч. пособие. – Уральск, 2001; Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі (2008; 2010).   
02 желтоксан 2017 ж.4820