» » Агалиева Мамырхан Бейсенбаевна

Агалиева Мамырхан Бейсенбаевна


Агалиева Мамырхан Бейсенбаевна

Астана қаласы
№69 мектеп-гимназия
Физика және математика пәнінің мұғалімі

Агалиева Мамырхан Бейсенбаевна  Шығыс Қазақстан облысы , Уржар ауданы, Елтай ауылының тумасы.
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте 1962 жылдан 1972 жылға дейін білім алды.
1972 жылы Н. К. Крупская атындағы Семей педогогикалық институтына түсіп, 1976 жылы бітіріп,  физика пәнінің мұғалімі мамандығы дипломын алды.
Білім беру ұйымындағы еңбек өтілі 40 жыл. Біліктілігі. Жоғары санатты физика және математика пәнінің оқытушысы . Негізгі мақсаты. Жан – жақты дамыған, білімді және тәрбиелі жеке тұлға тәрбиелеу. 
Қазіргі таңда Астана қаласы, № 69 мектеп – гимназияда математика- физика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.Мамырхан Бейсенбаевна физика және математика пәні мұғалімі ретінде өзінің жұмысын тиянақты , жауапкершілікпен атқарады, өз пәнінің теориясымен әдістемесін жете меңгерген, жаңа әдіс- тәсілдерді өз шығармашылық ізденістерімен толықтырып,түрлендіріп отырады.Оқушылардың логикалық, танымдық қабілеттерін дамыту арқылы өз бетінше білім алу дағдыларын жетілдіруге жағдай жасайды. Жас мамандардың тәлімгері ретіндегі жұмысы , іс- тәжірибесі мектепте таратылған. «Білім мазмұнын жаңартудағы тәрбие жұмыстарының инновациялық түрлері мен әдістері» атты республикалық ғылыми- практикалық семинарда және «Жасөспірімдердің құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу мәселесі бойынша №6 кәсіптік лицейдің іс- тәжірибесін таныстыру » атты республикалық семинарда  өз іс –тәжірибесімен бөлісті. Мамырхан Бейсенбаевна  «Жыл мұғалімі» атты қалалық байқауға қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді. «Физика және Қазақстан энергетикасы» авторлық бағдарламасын әріптестері 10-11 сыныптарда таңдау курстарында кеңінен қолданады. Мамырхан Бейсенбаевна өз іс –тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп, Републикалық , қалалық әдістемелік басылымдарда жариялап отырады. Іс – тәжірибесі Физика журналы №2, №3 2012ж , №4 2013ж энциклопедиялық журнал ( Мұзтау Айсберг)  №5 2012ж , «Алматы ұстазы» ақпараттық- әдістемелік журналы №1,№2 2010ж, «Открытая школа» ақпараттық- әдістемелік журналы №8 2011ж, «Білім айнасы» республикалық журнал 2016ж жарық көрген. Сабақтарын «Үшөлшемді жүйе»; БжС технологиясын ұйымдастырып, оқушылардың білім сапасын арттыруда. Мамырхан Бейсенбаевна өз пәнін оқытудың сапасын заман талабына сай білім беру әдістемесін толық меңгерген. Шығармашылықпен еңбек ету нәтижесі оқу-тәрбие үрдісіндегі көрсеткіштерден де көрінеді. Оқушысы Бақтыбай Ермұхан қалалық «Жас математик» сайысында жетістікке жетті. Оқушылары Бексұлтанова Айым, Рахымжанова Айым, Шахидани Ақнұр Халықаралық қашықтық олимпиадасында І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. оқушылары Халықаралық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері. Қалалық «Зерде» дарынды балалар олимпиадасында оқушысы Бақтыбаев Ермұхан ІІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталған. Мамырхан Бейсенбаевнаның ұстаздық еңбек жолында нәтижелі жұмыстар аз емес, ізденімпаздығы және кәсіби біліктілігі үшін ұжымда сыйлы. Осындай еңбегі үшін Мамырхан Бейсембаевна Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «құрмет Грамотасы» және «Алғыс хатымен» марапатталған ұстаздың шәкірттеріне беретін өнегесі зор. Өзінің өнегелі өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, шәкірттерін білім нәрімен сусындата алатын, кәсіби деңгейі жоғары ұстаз.
02 желтоксан 2017 ж.5070

Ұқсас жаңалықтар: