» » Алипова Гулшат Темирхановна

Алипова Гулшат Темирхановна


Алипова Гулшат Темирхановна
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы
«№7 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
Алипова Гулшат Темирхановна  маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосындағы № 7 орта мектепте үздіксіз адал еңбек етіп келеді. Бірінші санатты білікті ұстаз бастауыш сынып пәні мұғалімі ретінде шәкірт жүрегіне жол тапқан педагог.  
               2003 жылы Ақтау қаласындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжін аяқтап, еңбек жолын Қарақия ауданындағы №5 орта мектебінен бастады. Еңбек өтілі 12жыл.
Осы жылдар ішінде педагогикалық тәжірибесі мол, білімді, білікті маман ретінде танылды. Еліміздің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Гулшаттың еңбегі ерекше. Білім беру саласында оқытудың жаңа технологиясын пайдалану арқылы оқу мазмұнын жаңарту  барысында озық іс- тәжірибелерін жариялап жүрген жаңашыл  ұстаз.  Осы негізде Алипова Гулшат Темирхановна  білімін үздіксіз жетілдірумен қатар іс- тәжәрибесін   жас мамандармен , әріптестерімен бөлісіп отырады.2012 жылы және 2017 жылы бастауыш сынып мұғалімдері олимпиадасына қатысып,жүлделі ІІ орынды иеленді.2016 жылы «Қазақстан ұстазы» энциклопедиясына  ұстаздың  педагогикалық тәжірибесі мен өмірбаяны жарияланып, “Қазақстан Ұстаздары”қоғамдастығына мүше болды .2016 жылы Республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Мәңгілік ел үміттері» атты дарынды оқушылар антологиясына қолдау    көрсеткені үшін арнайы дипломмен   марапатталды. 2015жылы  Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық дистанциялық олимпиаданың күзгі маусымында ІІ орынды иеленді.
Үлгілі сабақтары республикалық еліміздің озық тәжірибелі мұғалімдерінің шығармашылығын насихаттайтын «Сындарлы оқыту мектеп тәжірибесінде» атты топтамаларда жарық көрді.Үлгі боларлықтай сабақтары халықаралық  «Копилка уроков», «Ped rz», «Конспект уроков», «Мультиурок» сайттарында жарияланды.Оқушылары халықаралық «ПОНИ», «Инфоурок» олимпиадаларына қатысып, арнайы сертификаттармен марапатталды.
Гулшат Темирхановна көптеген алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталған. Атап айтқанда: 2012 жылы аудандық бастауыш сыныптары мұғалімдерінің олимпиадасы
ІІ орын,  2011 жылы кент әкімінің алғыс хаты, 2015 жылы  КИО Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтық олимпиадасынан  сертификат,
2015 жылы  КИО жеңістің 70 жылдығына орай республикалық қашықтық олимпиадасынан сертификат, 2015 жылы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық  қашықтық олимпиаданың күзгі маусымында ІІ орын, 2015 жылы «Қазақстан ұстазы ,Республикалық «Тәлімгер», «Әдістеме», «Өркениет» әдістемелік журналдары  ұйымдастырған «Ең үздік әдістемелік әзірлеме» байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Білікті ұстаздың еңбектері мен әдістемелік шаралары еліміздің көптеген басылымдарында жарияланып жүр:
1.2016 жылы мұғалімдерге арналған «Корilkaurokov.ru» сайтында
«Дауыссыз қ мен ғ» атты сабағы  жарияланып, арнайы баспа  
 туралы куәлікке ие болды
2.2016 жылы  Республикалық  «www.bilim-qylym.kz » порталының
 «Сындарлы оқыту мектеп тәжірибесінде” атты жинағында  әдебиеттік оқудан  “Күн шыққанда” атты сабағы  жарияланды
3.2016,2017 жылы «Мультиурок» халықаралық білім порталында «Тұсбағар», «Мен өз Отанымның патриотымын» атты сабақтары жарияланды .
4.2017 жылы «Мультиурок» халықаралық білім порталында
«Сенің сөйлеу мүмкіндігің», «Арайлап атсын әр таңым» атты сабақтары жарияланды
5.2017 жылы «Мультиурок» халықаралық білім порталында  өзінің жеке сайтын ашып, «Жеті ата туралы түсінік» атты сабағы жарияланды
6.«www.ped.kz» Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы сайтында «1 саны және цифры» атты сабағы жарияланды.
02 желтоксан 2017 ж.5330