» » АҒИСОВА ЖАНАР ҒАББАСҚЫЗЫ

АҒИСОВА ЖАНАР ҒАББАСҚЫЗЫ


АҒИСОВА ЖАНАР ҒАББАСҚЫЗЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, ИСАТАЙ АУДАНЫ, АҚҚЫСТАУ СЕЛОСЫ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ
ЖОҒАРЫ САНАТТЫҚҰҚЫҚ ТАНУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Шығармашылық өмірбаяны
       Жанар Ғаббасқызы 1959 жылдың 17 қазанында Чапаев селосында қарапайым отбасында дүниеге келген. Ата-анасы мұғалім, есепші қызметтерін атқарды. 1966-1976 жылы қазіргі Ж.Мырзағалиев, бұрынғы М.Горький атындағы орта мектебінде 1 сыныпқа барып он жылдық білім алған. 1976-1980 жылдар аралағында Атырау педагогикалық институтында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындайтын бөлімінде оқыған. 1984-86 жылдары М.Горький мектебінде (МАД) мектеп алды даярлық тобында жұмыс жасады. 1986-91 жылдар аралығында Аққыстау орталау (сегіз жылдық) Абай мектебінде бастауыш сынып мұғілімі болып жұмыс жасады. Осы жылдар ішінде комсомол ұйымының кәсіподақұйымының төрайымы жұмыстарын атқарды.1991 жылдың сәуір айынан бастап аудандық халыққа білім беру бөліміне бастауыш сынып әдіскері қызметіне ауысты. 1996-97 жылдар аралығында НГДУ Жайық өндірісіне қарасты балабақша және тұрғын үй инспекторы болып жұмыс жасады. 1995-97 жылдар аралығында Атырау университетінің Құқықтану бөлімін сырттай оқып бітірді. 1997 жылы НГДУ-ға қарасты балабақшалар білім беру бөліміне берілу себептен “Өркен” балабақшасының меңгерушісі болып тағайындалды. 1998 жылы Абай атындағы орта мектебіне құқық пәнінің мұғалімі болып жұмысқа ауысты. 2000-2005 жылы Бастауыш сыныптар жөніндегі оқу-тәрбие жұмыстарының орынбасары қызметін атқарды. 2005-07 жылдар аралығында мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары жұмысын атқарды. Жанар Ғаббасқызы осы мектепте Құқық тану пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап келеді.
Еңбек жолында жеткен жетістіктері:
2001 жылы-Құқық пәні мұғалімдерінің пәндік олимпиадасында-II орын
2001 жылы-Атырау облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы
2003 жылы-Облыстық құқық пәндік олимпиадасында-I орын
2004 жылы-Облыстық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен өткен облыстық сайыста 9-сынып оқушысы А.Каримова «Жас Заңгер» димпломымен маратпатталып,республикаға жолдама алды.Осы сайыста А.Каримованың ұстазы ретінде «Үздік құқықтанушы», Облыстық Әділет басқармасы және облыстық білім басқармасының Алғыс хаты
2005 жылы-Аудандық пәндік олимпиадасынан-I орын
2005 жылы-Облыстық құқық пәндік олимпиадасында-I орын
2005 жылы-Аудан әкімі, Аудандық білім беру және спорт бөлімінің  Алғыс хаты
2006 жылы-XXII ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы атты республикалық ғылыми практикалық конференциясының жинақ кітабына конференцияда жасаған бағдарламасы «Құқықтық тәрбие мен білім беру баршаға ортақ міндет» енгізіліп, грамотамен марапатталды
2007 жылы-Аудандық мәслихатының грамотасы
2007 жылы-10 сынып оқушысы Ж.Хамидуллина облыстық пәндік олимпиадасында-II орын
2008 жылы-10 сынып оқушысы М.Артур аудандық олимпиадасында-
III орын, 9 сынып оқушысы Г.Ғабдолғалиева-II орын
2009 жылы-Аудандық құқық пәндік олимпиадасында-I орын
2010 жылы-Аудандық құқық негіздері пәні бойынша өткен панорамалық  сабақтан-III орын
2011 жылы-Аудандық құқық пәндік олимпиадасында-II орын
2011 жылы-Тарих және Қоғамдық білім негіздері пәнінен үздік сабақ сайысында-III орын
2012 жылы-«Шәкірт жүрегінен жол тапқан ұстаз» Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері жинағына енді
2013 жылы-10 сынып оқушысы Ж.Молдаш құқық пәндік олимпиадасында-
II орын алып, Республикаға жолдама алды.
01 қаңтар 2018 ж.4240