» » АРЫСТАНГАЛИЕВА САЛТАНАТ БАКЫТЖАНОВНА

АРЫСТАНГАЛИЕВА САЛТАНАТ БАКЫТЖАНОВНА


АРЫСТАНГАЛИЕВА САЛТАНАТ БАКЫТЖАНОВНА

Батыс  Қазақстан облысы  Жәнібек ауданы  Борсы ауылы
Ғ.Қараш атындағы ЖББОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Арыстангалиева Салтанат Бакытжановна -  ұстаздық еңбек  жолын 2007жылы  Тегісшіл орта мектебінде  бастады. Қазіргі таңда Ғ. Қараш  орта жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметінатқарады. Көкейтесті мәселесі: Оқушылардың ойларын тұжырымды да тиянақты айтуға дағдыландыру. Қабілетті оқушылардың даму деңгейін шығармашылыққа ұштастыру.Мұғалім ретіндегі ізгі мұраты– тек білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу.
Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу, шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі ұзақ та маңызды үдеріс. Еңбек өтілі 9 жыл. Мұғалімніңтеориялық білімі жетік, шығармашылықпен жұмыс жасайтын білікті маман.Сабақтарын, тәрбиелік шараларын шебер ұйымдастыра білетін іздемпаз мұғалім.
Өз жұмысын шығармашылықпен ұштастыра отырып, әр сабағын қызықтыра әрі түрлі әдіс-тәсілдерді қолдананып өткізеді. «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Қазақ тілі» пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасында  өз сыныбының оқушыларын қатыстырып, 2016 жылы Әбу Бақдәулет,Елемес Ернұр, Ермұхан Жансая, Қажен Аянат, Шаймардан Дархан сынды оқушылары жүлделі  І- орын,
Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне орай, аудандық бастауыш сынып оқушылар арасында «Тіл–тірегі, тіл-жүрегі халқымның» тақырыбында оқырмандар конференциясында «Ана тілім–асыл мұрам» мәнерлеп оқу байқауында 3  сынып оқушысы Қажен Аянат  БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды.
 Республикалық «Бастауыш сыныптар» пәні бойынша қашықтық олимпиадасына қатысып ІІ-дәрежелі дипломға ие болды(2016ж) Қазақстан Республикасы бойынша білім беру мекемелерінің қатысушылары арасында ұйымдастырылған  республикалық  олимпиаданың жүлдегерлерін даярлағаны үшін «Алхыс хаты» және Жәнібек аудандық кәсіподақ ұйымының  «Алғыс хатымен» марапатталды. «Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер оданда көп» деген ұстаныммен жүретін Салтанаттың еңселі еңбек жолы одан әрі дамитынына сеніміміз мол.
Мұғалім ретіндегі жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке жетелеу жолындағы жұмысымен қоса, өз мектебінің тиімді дамуына әсер ететін белсенді көшбасшылықты да абыроймен алып еңбек ете бермек.
01 қаңтар 2018 ж.4670