» » АСАНОВА РОЗА АБЖАПБАРОВНА

АСАНОВА РОЗА АБЖАПБАРОВНА


АСАНОВА РОЗА АБЖАПБАРОВНА

№278 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Асанова Роза Абжапбаровна  4 сәуір 1960 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтын 1982 жылы «Педагогика және бастауыш сынып методикасы» мамандығы бойынша тәмамдады. Педагогикалық еңбек өтілі - 35 жыл.
Алғашқы еңбек жолын 1982-1984 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы   МәншүкМәметова атындағы педагогикалық училищеде педагогика және психология пәні мұғалімі болып бастаған. 1984 жылдан 2015 жылға дейін №7 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарған. 2015 жылдан бастап №278 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасап келеді. «Бастауыш сыныпта математика пәнін оқытуда ойын арқылы  оқушылардың ой-өрісін дамыту» атты зерттеу тақырыбында жұмыс істеп, облыс, қала көлемінде өткен семинарларда ашық сабақтар берді. Мұғалімнің жетістіктері:  2012 жылы «Ашық сабақтар. Факультативті сабақтар» атты республикалық әдістемелік журналында «Біз есеп шығарудың тиімді тәсілдерін білеміз бе?», 2013 жылы Қазақстан мұғалімдерінің интернет-қоғамдастық «Педагог.kz» сайтында «Тұрлаулы мүшелерді қайталау» ашық сабақтар, 2014ж «QQU-ZAMAN.kz» қосалқы білім сайтында «Тәуәлсіздік - ел тірегі» ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған ашық сабағы жарияланған. «Үздік сабақ» байқауына қатысып, жүлделі І орын алғаны үшін қалалық білім бөлімінің  «Құрмет грамотасымен», 2013жылы Халықаралық «Кенгуру-лингвист» байқауынан «Алғыс хат», 2014жылы қалалық білім бөлімі «Алғыс хат»,  2017жылы облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты «Құрмет грамотасы». Оқушылары олимпиадалар мен байқауларға белсенді қатысушы және жеңімпаздар: Қалалық олимпиада қазақ тілі пәні Бекбулат Қаныш – І орын(2012ж), математика пәні бойынша РҚО-ның жеңімпазы және ІІ дәрежелі Диплом (2013ж). «Ақбота-2013» интеллектуалдық марафонында 5 оқушысы ІІ және ІІІ орын алғандары үшін «Диплом». Сұлтанова Аяулым «Айгөлек» балалар журналында жарияланған таңдаулы оқушылар шығармашылығына арналған фестиваліне қатысып, мақтау қағазымен марапатталды.
01 қаңтар 2018 ж.4520

Ұқсас жаңалықтар: