» » АЯНОВА ЖАҢЫЛСЫН САҚТАПҚЫЗЫ

АЯНОВА ЖАҢЫЛСЫН САҚТАПҚЫЗЫ


АЯНОВА  ЖАҢЫЛСЫН САҚТАПҚЫЗЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИСАТАЙ АУДАНЫ АҚҚЫСТАУ СЕЛОСЫ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ БАСТАУЫШ ЖӘНЕ   «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ  МҰҒАЛІМІ
Шығармашылық өмірбаяны
      Бастауыш және Өзін-өзі тану пәнінің жоғары санатты мұғалімі, мектеп директорының  12 жылдық білім беруге көшу сынақ алаңының оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі. «Өзін-өзі тану»пәнінің аудандық олимпиадалық топ мүшесі, аудандық, облыстық «Өзін-өзі тану»пәні тексеру комиссиясы құрамында бірнеше жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Еңбек өтілі-37 жыл. Оқу –тәрбие жұмысы барысында шәкірттерімен жан-жақты талмай жұмыс жүргізді. Оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыруда жаңа техногогияны пайдалана отырып, жұмысын әрдайым терең біліктілікпен атқарады.   
      Өз пәнінің білгірі, үнемі ізденісте жүреді. Өзара тәжірибе алмасу мақсатында Респуликалық, облыстық, аудандық семинарларында өткізген ашық сабақтары жоғары дәрежеде мақтау қағаздарымен марапатталды. Барлық жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарап, жоғары талап қоя білетін ұстаз.Оқушылар мен ұстаздар арасында сыйлы, өзін тек ұлағатты, көрегенді, кішіпейіл жағынан көрсетеді. Жаңалыққа жаны құмар ізденгіш ұстаз әрдайымда шығармашылық ізденісте. Осы жұмыстарының нәтижесінде көптеген шәкірттері Респуликаның, облыстың  түкпір-түкпірінде қызмет етуде. Мол білімі мен тынымсыз ізденісте жинақтаған іс-тәжірибесі облыс, аудан көлемінде таратылды.
Ұстаздық жолда жеткен жетістіктері мен мадақтамалары:
2002 жылы  «Ұрпақ тәрбиелеудегі шығармашылық табысы үшін»  аудан әкімінің Алғыс хаты
2005 жылы  «ХХғасырдағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ізденістер,түйінді мәселелері мен болашағы»облыстық ғылыми-практикалық конференцияда іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылды.
2005 жылы  «Облыстық білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табысы үшін»облыстық білім басқармасының   Құрмет Грамотасы
2005  жылы «12 жылдық білім беру нәтижеге бағытталған тиімді технологиялардың үлгісі»тақырыбындағы олыстық конкурсында жүлделі IIорын
 2006жылы «Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі кәсіби шеберлігі және оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдірудегі»шығармашылық еңбегі үшін олыстық әдістемелік кабинеттің Құрмет Грамотасы
2007жылы  Республикалық «12жылдыққа көшужөніндегі ғылыми-практикалық конференцияға қатысушы»Алматы қаласы
 2007 жылы Аудандық VIII педагогикалық оқуда жүлделі I орын
 2007 жылы Облыстық VIII педагогикалық оқуда Алғыс хат
2007 жылы Атырау облыстық баспасынан шыққан «Алғашқылар»атты кітапқа ашық сабақтары мен тәрбие сағаттары енді.
2008 жылы  Аудандық «Нарын таңы»газетінде» ,«Мәртебелі мамандық иелері. Шығармашылық шыңға жетелейді» атты мақала кейіпкері.
2009 жылы  Облыстық «12 жылдық білім беруде эксперимент жұмысын жүргізу,зерттеу,тексеру нәтижелері» Алғыс хат
2010 жылы Облыстық «Атырау ұстазы»газетінде «12 жылдық жүйеге көшу-уақыт талабы» атты мақаласы жарық көрді.
 2011жылы  Аудандық кабинеттер байқауы «Үздік кабинет» жүлделі IIорын
2011 жылы  Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Аудан әкімі «Алғыс хаты»
2012жылы   ҚР білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз»атты кітапқа енді.
2012 жылы оқушысы Қалекес Жаннұр Аудандық олимпиада ана тілі пәнінен жүлделі I орын, Облыстық олимпиадада жүлделі II орын
2012 жылы Аудандық «Үздік оқушылар»сайысында оқушылары Қалекес Жаннұр-бас жүлде,Рахметқалиева Аягөз жүлделі Iорын,Арал Самал , Жомарт Аида жүлделі II орындармен марапатталды.
2013 жылы Атырау облыстық Әдістемелік кабинеті «12 жылдық білім беру бойынша эксперимент алаңында жүргізген шығармашылық жұмысы үшін»             Құрмет грамотасы
2013 жылы Облыстық «Біліктілікті арттыру ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету-педагогикалық кадрларды кәсіби қалыптастыру»конференциясына баяндамасы еніп,кітап жарық көрді.
2014 жылы Облыстық Кәсіподақтың «Білім саласына қоғамдық жұмысқа сіңірген еңбегі үшін»   Құрмет Грамотасы
2016 жылы Аудандық «Өзін-өзі тану пәні»олимпадасында Қуаталиева Айсана жүлделі Iорын,Облыстық олимпиадада  арнайы Сертификат және                  Алғыс хатпенмарапатталды2016 жылы Республикалық «Білім –шыңы-Ғылым сыры»редакциясыныңұйымдастыруымен  «Жылдың үздік мұғалімі»жобасына қатысып іс-тәжірибесі Қазақстан Республикасы көлеміне таралып жинаққа еніп,Құрмет Грамотасы және Төсбелгіменмарапатталды.                                       2017 жылы  «Облыстық білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және   жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табысы үшін»облыстық білім басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталды.
01 қаңтар 2018 ж.4660